О внесении изменений в решение акима Тарановского района от 16 ноября 2018 года № 6 «Об образовании избирательных участков на территории Тарановского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Тарановского района от 16 ноября 2018 года № 6 «Об образовании избирательных участков на территории Тарановского района»
- Атауы (қаз.)
- Таран ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 «Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 04.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2020 129572_447642.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19NR008282
- ЭКБ идентификаторы
- 129572
- Редакция идентификаторы
- 129572_447642
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:56
0 Таран ауданы әкімінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 «Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына, «Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 20 және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 болып тіркелген) сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша Таран ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудан әкімінің «Таран ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 16 қарашадағы № 6 шешіміне (2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 711, 712 сайлау учаскелеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
«Таран» сөздері «Әйет» сөздерімен ауыстырылсын;
№ 708, 730, 735, 737 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 708 сайлау учаскесі
Қоржынкөл және Павловка ауылдарының шекараларында.»;
«№ 730 сайлау учаскесі
Увальное ауылының шекараларында.»;
«№ 735 сайлау учаскесі
Журавлевка және Красносельское ауылдарының шекараларында.»;
«№ 737 сайлау учаскесі
Майское және Приреченское ауылдарының шекараларында.».
2 2. «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;