О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 16 апреля 2018 года № 66 «Об утверждении регламентa государственной услуги «Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 16 апреля 2018 года № 66 «Об утверждении регламентa государственной услуги «Приватизация жилищ из государственного жилищного фонда»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 66 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 304
- Қабылданған күні
- 05.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2020 126766_459002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003727
- ЭКБ идентификаторы
- 126766
- Редакция идентификаторы
- 126766_459002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:16
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 66 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 66 «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3593 болып тіркелген, 2018 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы - (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.».
2
2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Н. Салимов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.