О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 16 апреля 2018 года № 69 «Об утверждении регламентa государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 16 апреля 2018 года № 69 «Об утверждении регламентa государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 69 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 06.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2020 126748_449121.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003728
- ЭКБ идентификаторы
- 126748
- Редакция идентификаторы
- 126748_449121
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:14
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 69 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 69 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3596 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1
« 1. «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Басқарма) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалымен (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады.
2
2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.