О внесении изменений в постановление акимата Успенского района от 16 марта 2018 года № 71/3 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Успенского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Успенского района от 16 марта 2018 года № 71/3 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов акимата Успенского района»
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы «Успен ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 71/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 124/6
- Қабылданған күні
- 07.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2022 168714_578751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PL01246A
- ЭКБ идентификаторы
- 168714
- Редакция идентификаторы
- 168714_578751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:32
0 Успен ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы «Успен ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»
№ 71/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Успен ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы «Успен ауданы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 71/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5935 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынандай өзгерістер енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген Успен ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі:
5 - тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Успен ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бойынша қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (бұдан әрі – персоналды басқару бойынша қызмет) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41 - тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару бойынша қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42 - тармақ алынып тасталсын.