О внесении изменения в постановление акимата района Аққулы от 16 августа 2019 года № 1-03/192 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Аққулы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района Аққулы от 16 августа 2019 года № 1-03/192 «Об утверждении схем и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах района Аққулы»
- Атауы (қаз.)
- Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы «Аққулы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 1-03/192 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/155
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 155796_523048.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PI007278
- ЭКБ идентификаторы
- 155796
- Редакция идентификаторы
- 155796_523048
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:16
0 Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы «Аққулы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың
схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 1-03/192 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына және бірлескен Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 2 қаулысы мен Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы «Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау мен транскрипциясын өзгерту туралы» № 442/38 шешіміне сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аққулы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 тамыздағы «Аққулы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы» № 1-03/192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6510 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Р.Б. Мұқановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шәмші ауылында тұратын балаларды Потанин жалпы орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Аққулы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 1-03/155 қаулысына
қосымша
Аққулы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «16» тамыздағы
№ 1-03/192 қаулысына
3- қосымша
Шәмші ауылында тұратын балаларды
Потанин жалпы орта білім беретін мектебіне тасымалдау схемасы
Шартты белгілер: