О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 16 июля 2019 года № 345-VI «Об утверждении Правил и условии размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования на территории Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 16 июля 2019 года № 345-VI «Об утверждении Правил и условии размещения наружной (визуальной) рекламы на открытом пространстве за пределами помещений в населенных пунктах, в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования, на открытом пространстве за пределами помещений вне населенных пунктов и вне полосы отвода автомобильных дорог общего пользования на территории Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Атырау облысы аумағында Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 345-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176-VIII
- Қабылданған күні
- 03.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2025 211017_761158.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25T000176M
- ЭКБ идентификаторы
- 211017
- Редакция идентификаторы
- 211017_761158
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:05
0
«Атырау облысы аумағында Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 345-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Атырау облысы аумағында Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 345-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4476 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау облысы аумағында Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары мен шарттарына:
7-тармақтағы «оның ішіндегі нұсқағыштарды» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың 3) тармақшасындағы «арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
8-тармақтың 5), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің және сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;
7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын және алтынды теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.».