Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 512 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства, в казахстанском секторе Каспийского моря»

Бұйрық · № 192 · қабылданған 10.04.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2019-no-512/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 512 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства, в казахстанском секторе Каспийского моря» Қолданыста Бұйрық ·№ 192 ·10.04.2020
10.04.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 512 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства, в казахстанском секторе Каспийского моря»

Қолданыста Бұйрық ·№ 192 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 512 «Об утверждении Правил выдачи разрешения на эксплуатацию судна, плавающего под флагом иностранного государства, в казахстанском секторе Каспийского моря»
Атауы (қаз.)
«Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
10.04.2020
Көрсетілген редакция
10.04.2020 141623_456786.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020374
ЭКБ идентификаторы
141623
Редакция идентификаторы
141623_456786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:04

0 «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары

2020 жылғы 10 сәуірі № 192
Министрдің бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 512 бұйрығымен
бекітілген
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы

17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының
55-6) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың қолданысы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы шегiнде қызметін жүзеге асыру үшін қазақстандық кеме иелері тартатын, шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн барлық кемелерге (бұдан әрi - шетелдiк кемелер) қолданылады.

Кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан, өз атынан кемені пайдаланатын Қазақстан Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы қазақстандық кеме иесі болып табылады.

2 2-тарау. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібі

3

3. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсатты (бұдан әрi - рұқсат) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрi – уәкілетті орган) қазақстандық кеме иесіне каботажды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты қызметті (бұдан әрі – өтініш беруші) жүзеге асыру үшін бередi.

4

4. Өтініш беруші уәкілетті органға www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алу үшін өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жолдайды.
Өтінімге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) кертірілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандартында келтірілген.
Уәкілетті органның құжаттарды қарау және рұқсат берудің жалпы мерзімі 9 (тоғыз) жұмыс күнін құрайды.

5

5. Рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болмау жағдайында беріледі.

6 6. Рұқсат әрбiр шетелдiк кемеге шартта (келісімшартта) көрсетiлген мерзімге, соның негiзiнде жұмыстың нақты түрлерін орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге, бiрақ 1 (бiр) жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

Шарт (келісімшарт) рұқсатты алуға өтінім беретін қазақстандық кеме иесі және шетелдік кеменің меншік иесі немесе шетелдік кемені жалдайтын кеме иесі немесе орындау үшін тартылатын шетелдiк кемеге жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) тапсырыс берушінің арасында жасалады.

7 7. Кемені басқа шарттың (келісімшарттың) шеңберінде жұмыстардың өзге де түрлерін орындау үшін басқа кеме иесіне беру кезінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жаңа рұқсат алу қажет.

8 8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке тұлғаларға қатысты), не заңды тұлға - меншік иесін мемлекеттік тіркеу (заңды тұлғаларға қатысты ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органның қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Уәкілетті орган басшысының орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

9

9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді уәкілетті органның ресми сайтында орналастырады және 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімнің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады.

10

10. Егер өтiнiм уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетiн өздеріне тиесілі кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос кемелер жоқ деп есептеледi.

11 11. Оң қорытынды болған кезде уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсатты рәсімдейді және өтініш берушінің порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде рұқсат беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жолдайды.

Рұқсат беруден бас тарту Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

12 12. Ұқсас түрдегі бос Қазақстандық және осы мақсаттар үшін шетелдік кеме тартылатын қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі бар кемелердің болуы негізінде рұқсат берудің дәлелді бас тартуымен келіспеген жағдайда, өтініш беруші мынадай қосымша құжаттарды қоса бере отырып өтініш қайта енгізіледі:

1 1) танылған шетелдік сыныптау қоғамының еркін нысандағы қорытындысы (қазақстандық кеменің жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық жарамсыздығын негіздеу қажет болған жағдайда);

2 2) тапсырысты орындау үшін қажетті кемеге жұмыстар тапсырыс берушісі еркін нысандағы техникалық ерекшелігі.

Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасымен қамтамасыз етіледі. Шет тіліндегі құжатқа нотариалды куәландырылған аударманың электрондық көшірмесі қоса беріледі.

13 13. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

14 14. Берiлген рұқсаттар туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне жiбередi.

Рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешіктірмей шетелдiк кеме Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге тиiс.

15 15. Уәкілетті органның қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Уәкілетті орган шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші нәтижелерге сот тәртібімен шағымдана алады.

1 Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға өтінім

Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысаны
Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат алуға
өтінім

1 1. Кеменің атауы___________________________________________________

2 2. Кемені тіркеу порты______________________________________________

3 3. Халықаралық теңіз ұйымының сәйкестендіру нөмірі (бар болса) ________________________________________________________________

4 4. Кеменің туы_______________________________________________________

5 5. Кеме түрі_________________________________________________________

6 6. Кеме сыныбы______________________________________________________

7 7. Кеме өлшемдері: ұзындығы ________ ені _______ борт биіктігі____________

8 8. Тіркелім сыйымдылығы: таза ______________ жалпы _________________

9 9. Шөгу ___________________________________________________________

10 10. Салынған күні мен орны____________________________________________

11 11. Бас қозғалтқыштардың қуаты (бар болса) ___________________________

12 12. Кеменің меншік иесі ____________________________________________

_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері
(жеке тұлғалар үшін); атауы, орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)

13 13. Шарт (келісімшарт) жасалған кеме иесі _____________________________

__________________________________________________________________
(тегі, аты, азаматтығы, тұратын мекенжайы, төлқұжат деректері
(жеке тұлғалар үшін); атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса),
орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін)

14 14. Шарттың (келісімшарттың) атауын, қолданылу күнін және мерзімін көрсете отырып, кеме қызметінің жоспарланған түрлері ________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

15 15. Каспий теңізінің қазақстандық секторында жүзу ауданы ___________________________________________________________

___________________________________________________________________

16 16. Рұқсат қажет етілетін мерзім________________________________________

17 17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің өздеріне тиесілі шетел кемесі тартылатын қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне қатысты қазақстандық кеме иелерімен келіспеу себептері (бар болса) ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
Ұсынылған мәліметтердің және қоса берілетін құжаттардың дұрыстығын растаймын
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
___________ 20 __ жылғы «__» __________
(қолы)

2 Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына

2-қосымша
«Шет мем­ле­кет­тiң туын кө­терiп жү­зетiн ке­менi Кас­пий те­ңі­зі­нің қа­зақ­стан­дық сек­то­рын­да пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Кө­лік ко­ми­те­ті
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» (бұ­дан әрі – пор­тал): www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі – 9 (то­ғыз) жұ­мыс кү­ні.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық­тығ­ын тек­се­ре­ді. Егер ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың то­лық емес фак­ті­сі анық­тал­са, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші екі жұ­мыс кү­ні ішін­де өті­ніш­ті одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту­ды бе­ре­ді.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Шет мем­ле­кет­тiң туын кө­терiп жү­зетiн ке­менi Кас­пий те­ңі­зі­нің қа­зақ­стан­дық сек­то­рын­да пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық түр­де.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік кө­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры www.​egov.​kz пор­та­лын­да және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​miid.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да («Кө­лік ко­ми­те­ті» бө­лі­мі­нің «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» кі­ші бө­лі­мін­де) ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Пор­тал­да:
Шет мем­ле­кет­тiң туын кө­терiп жү­зетiн ке­менi Кас­пий те­ңі­зі­нің қа­зақ­стан­дық сек­то­рын­да пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат алу­ға өті­нім
Өті­нім­ге мы­на­дай құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді;
ке­ме­нің тех­ни­ка­лық жа­рам­ды­лы­ғын рас­тай­тын сы­нып­тау ку­ә­лі­гі неме­се өзге де құ­жат.
Жо­ла­у­шы­лар ке­ме­ле­рі үшін қо­сым­ша:
жо­ла­у­шы­лар ку­ә­лі­гі;
та­сы­мал­да­у­шы­ның жо­ла­у­шы­лар ал­дын­да­ғы жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру жө­нін­де­гі сақ­тан­ды­ру по­ли­сі*.
Екі мың және одан да көп тон­на кө­ле­мін­де мұ­най та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ке­ме­лер үшін:
ке­ме­лер­ден мұ­най­мен ла­ста­ну­дан болған за­лал үшін аза­мат­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру неме­се өзге де қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы ку­ә­лік*.
Ұқсас түр­де­гі бос қа­зақ­стан­дық, осы мақ­сат­тар үшін ше­тел­дік ке­ме тар­ты­ла­тын қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға мүм­кін­ді­гі бар ке­ме­лер­дің бо­луы негі­зін­де рұқ­сат бе­ру­ден дәлел­ді бас тар­ту­мен кел­іс­пе­ген жағ­дай­да өті­ніш бе­ру­ші мы­на­дай қо­сым­ша құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып, өті­нім қай­та ен­гі­зі­ле­ді:
1) та­ны­л­ған ше­тел­дік сы­нып­тау қо­ға­мы­ның ер­кін ны­сан­да­ғы қо­ры­тындысы (қа­зақ­стан­дық ке­ме­нің жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға тех­ни­ка­лық жа­рам­сызды­ғын негіз­деу қа­жет болған жағ­дай­да);
2) тап­сы­ры­сты орын­дау үшін қа­жет­ті ке­ме­ге жұ­мысқа тап­сы­рыс бе­ру­ші­сі­нің ер­кін ны­сан­да­ғы тех­ни­ка­лық ерекше­лі­гі.
Шет ті­лін­де­гі құ­жат­тар қа­зақ неме­се орыс тіл­де­рін­де­гі но­та­ри­ал­ды рас­тал­ған аудар­ма­мен қам­та­ма­сыз еті­ле­ді. Но­та­ри­ал­ды рас­тал­ған аудар­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі шет ті­лін­де­гі құ­жат­қа қо­са бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) өті­ніш бе­ру­ші рұқ­сат­ты алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­са;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) рұқ­сат­ты бе­ру үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­се;
3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бол­са;
4) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бол­са, оның негі­зін­де өті­ніш бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­рыл­са.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​miid.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғын­да көр­се­ті­л­ген: 1414.
Ескертпе:
* кемелерден мұнаймен ластанудан болған залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлік Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген тәртіппен беріледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген), тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Егер сыныптау куәлігін немесе кеменің техникалық жарамдылығын растайтын өзге де құжатты және жолаушылар куәлігін сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен танымаған шетелдік сыныптау қоғамы берсе, онда «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес танылған сыныптау қоғамынан растау қажет.

3 Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларына

3-қосымша
[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері
[УО орыс тіліндегі атауы] УО орыс тіліндегі деректемелері
Дәлелді бас тарту
Нөмір:
[Нөмір]
Берген күні: [Берген күні]
[Өтініш берушінің атауы]
[УО атауы], Сіздің [Өтінім беру күні] № [Өтінім нөмірі] өтініміңізді қарастырып, шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлайды.
[Бас тартудың себебі].
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

Қолданыстағы