Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов города Шымкент»

Ереже · № 20/180-VII · қабылданған 12.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2019-no-52442-6-ekb-171005/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов города Шымкент» Қолданыста Ереже ·№ 20/180-VII ·12.08.2022
12.08.2022 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов города Шымкент»

Қолданыста Ереже ·№ 20/180-VII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об утверждении Правил и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов города Шымкент»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/180-VII
Қабылданған күні
12.08.2022
Көрсетілген редакция
12.08.2022 171005_588618.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22E0029248
ЭКБ идентификаторы
171005
Редакция идентификаторы
171005_588618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:38

0 «Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №52/442-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №55 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

1 «1. Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.»;

шешімнің қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері

Шымкент қаласы
мәслихатының
2022 жылғы 12
тамыздағы
№ 20/180-VII
шешіміне қосымша
Шымкент қаласы
мәслихатының 2019 жылғы
16 шілдедегі №52/442-6с
шешімімен бекітілген
Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері

1

1. Осы Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшері «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (әрі қарай – оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу) «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар баланың (бұдан әрі – мүгедектігі бар бала) үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берген айдан бастап Шымкент қаласы білім басқармасының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысында (бұдан әрі – қорытынды) белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар орын алғанда (қорытындыда белгіленген мерзімнің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланың Шымкент қаласынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы) төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес беріледі, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі беріледі.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ құжаттарды қараудың және жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту себептері көрсетілген жауапты берудің мерзімі Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

8 8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын бір мүгедектігі бар балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.

9 9. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту үшін негіздер Қағидаларға 3-қосымшада көзделген.

Қолданыстағы