Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей города Шымкент с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 4/38-VIII · қабылданған 14.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2019-no-52442-6/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей города Шымкент с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану» Қолданыста Өзге акт ·№ 4/38-VIII ·14.06.2023
14.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей города Шымкент с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»

Қолданыста Өзге акт ·№ 4/38-VIII · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 16 июля 2019 года № 52/442-6с «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей города Шымкент с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4/38-VIII
Қабылданған күні
14.06.2023
Көрсетілген редакция
14.06.2023 183274_638598.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23E0018417
ЭКБ идентификаторы
183274
Редакция идентификаторы
183274_638598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:22

0 «Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі № 52/442-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Шымкент қаласы мәслихатының.«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртiбі мен мөлшерін айқындау туралы» 2019 жылғы 16 шілдедегі №52/442-6с шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №55 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі және мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармақ мемлекеттік тілде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Шымкент қаласы

мәслихатының
2023 жылғы 14
маусымдағы
№ 4/38-VIII
шешіміне қосымша

7 Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі және мөлшері

Шымкент қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 16 шілдедегі
№ 52/442-6с шешімімен
бекітілген
Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі және мөлшері

1

1. Осы Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртiбі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке жоспар бойынша Шымкент қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – мүгедектігі бар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуді «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.

3

3. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

5

5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар орын алғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланың Шымкент қаласынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуі, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқуы) төлем тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6

6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

7 7. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын мүгедектігі бар бір балаға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды.

9 9. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер Қағидалардың 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

10 10. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

Қолданыстағы