О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Торайгырского сельского округа Баянаульского района от 16 января 2020 года № 1-04/04 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Ерлік» расположенного в Торайгырском сельском округе Баянаульского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Торайгырского сельского округа Баянаульского района от 16 января 2020 года № 1-04/04 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Ерлік» расположенного в Торайгырском сельском округе Баянаульского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы «Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан «Ерлік» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/04 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-04/27
- Қабылданған күні
- 23.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2020 145106_473094.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PEM06870
- ЭКБ идентификаторы
- 145106
- Редакция идентификаторы
- 145106_473094
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:26
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы «Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан «Ерлік» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/04 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 09 маусымдағы № 2-19/116 ұсынысы негізінде, Торайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан «Ерлік» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы «Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан «Ерлік» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-04/04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6715 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.