Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № ҚР ДСМ-134/2020 «Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи»

Бұйрық · № ҚР ДСМ - 65 · қабылданған 27.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2020-no-1342020-ekb-157359/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № ҚР ДСМ-134/2020 «Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ - 65 ·27.07.2021
27.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № ҚР ДСМ-134/2020 «Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ - 65 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № ҚР ДСМ-134/2020 «Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи»
Атауы (қаз.)
«Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ - 65
Қабылданған күні
27.07.2021
Көрсетілген редакция
27.07.2021 157359_533205.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023743
ЭКБ идентификаторы
157359
Редакция идентификаторы
157359_533205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:23

0

«Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 1-кесте. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 27 шілдедегі
№ ҚР ДСМ - 65 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ ҚР ДСМ-134/2020
бұйрығына 2-қосымша
1-кесте. Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері

ЖТМК коды
ЖТМК атауы
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)
2
39.65
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
3
35.84
Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
4
35.23
Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру
5
35.21
Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру
6
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
7
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау
8
37.66
Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
9
35.33
Аннулопластика
10
81.042
Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, эндотүзеткіштер арқылы ішкі бекітумен алдыңғы жету әдісі
11
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
12
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау
13
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру
14
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
15
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
16
81.073
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
17
81.062
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
18
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
19
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
20
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
21
50.52
Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
22
55.62
Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
23
50.59
Бауырды басқа трансплантаттау
24
86.66
Теріні аллотрансплантаттау
25
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі
26
92.201
Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы
27
92.202
Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)
28
92.247
Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия
2-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің түрлері

АХЖ-9 коды
АХЖ - 9 атауы
1
92.291
Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
3-кесте. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері

АХЖ-9 коды
АХЖ - 9 атауы
1
00.50
Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P)
2
00.51
Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D)
3
00.65
Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау
4
00.93
Трансплантаттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу
5
01.53
Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы
6
02.93
Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру
7
03.7992
Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
8
03.7993
Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын имплантаттау
9
03.93
Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) имплантаттау немесе ауыстыру
10
20.95
Электромагниттік есту аппаратын имплантаттау
11
33.5
Өкпені трансплантаттау
12
33.6
«Жүрек – өкпе» кешенін аралас трансплантаттау
13
35.05
Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру
14
35.11
Қолқа қақпақшасының ауыстырмастан ашық вальвулопластикасы
15
35.12
Митралдық қақпақшасының ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы
16
35.121
Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы
17
35.14
Үшжармалы қақпақшаның ауыстырылмастан ашық вальвулопластикасы
18
35.21
Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаумен ашық және басқаша ауыстыру
19
35.23
Тіндік трансплантаттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру
20
35.33
Аннулопластика
21
35.55
Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою
22
35.82
Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру
23
35.83
Артериялық діңді толық қалпына келтіру
24
35.84
Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру
25
35.91
Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы
26
35.9900
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
27
35.991
Митралдық тесікті клиптеу
28
36.1000
Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау
29
36.16
Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
30
37.32
Жүрек аневризмасын кесу
31
37.35
Парциалдық вентрикулоэктомия
32
37.36
Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау
33
37.51
Жүректі трансплантаттау
34
37.66
Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
35
37.76
Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру
36
37.94
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау
37
37.941
Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру
38
37.96
Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана имплантаттау
39
38.12
Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы
40
38.34
Анастомозбен қолқаның резекциясы
41
38.341
Қолқа доғасының үзілісін түзету
42
39.28
Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
43
39.591
Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы
44
39.65
Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация
45
39.72
Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
46
39.73
Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантантаттау
47
39.731
Аортаның коарктациясын стенттеу
48
41.01
Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын трансплантаттау
49
41.04
Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
50
41.05
Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз трансплантаттау
51
41.06
Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау
52
41.10
Феталдық бағаналық жасушаларды трансплантаттау
53
50.52
Өлімнен кейінгі донордан бауырды трансплантаттау
54
50.59
Бауырды басқа трансплантаттау
55
52.53
Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
56
52.80
Ұйқыбезін трансплантаттау, нақтыланбаған
57
55.5016
Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
58
55.62
Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау
59
56.7404
Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
60
63.8301
Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
61
69.921
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама
62
69.922
Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
63
69.923
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
64
69.924
АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
65
78.191
Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
66
81.041
Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
67
81.042
Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
68
81.062
Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
69
81.073
Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу
70
81.53
Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
71
81.55
Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған
72
81.9610
Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
73
86.66
Теріні аллотрансплантаттау
74
99.791
Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

Қолданыстағы