Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жабасакского сельского округа от 16 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Өзге акт · № 8 · қабылданған 18.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2020-no-2/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жабасакского сельского округа от 16 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий» Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·18.11.2020
18.11.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жабасакского сельского округа от 16 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий»

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Жабасакского сельского округа от 16 января 2020 года № 2 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын алу және Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
18.11.2020
Көрсетілген редакция
18.11.2020 148744_492439.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CBG07665
ЭКБ идентификаторы
148744
Редакция идентификаторы
148744_492439
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:41

0 Шектеу іс-шараларын алу және Жабасақ ауылдық округі әкімінің

2020 жылғы 16 қаңтардағы № 2
«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 12 қарашадағы № 2-8/120 ұсынысы негізінде, Жабасақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Жабасақ ауылдық округі Аққұм ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

2

2. Жабасақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6747 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Әйтеке би ауданының «Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы