О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики»
- Атауы (қаз.)
- «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 20.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2020 140694_501022.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000126
- ЭКБ идентификаторы
- 140694
- Редакция идентификаторы
- 140694_501022
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:32
0 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»
2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарына сәйкес салық-бюджет саясатының мәселелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітілсін.
2 2. 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде:
1 1) ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының;
2 2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының;
3 3) салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті енгізілсін.
3 3. Мөлшерлемелерге осы қаулының 2-тармағында көрсетілген «0» түзету коэффициентін қолданған кезде салық базасын, салық салу объектілерін, салық кезеңін және салық міндеттемелерін орындауды айқындау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы
25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін барлық салықтар бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұлдарды есептеу 2020 жылғы 15 тамызға дейін тоқтатыла тұрсын және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылғы
3-тоқсанға ауыстырылсын.
5 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ірі қара малды және асыл тұқымды балапандарды қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне енгізуді қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
0 Республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « » наурыздағы
№ қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджетті
қалыптастырудың, нақтылаудың
және атқарудың ерекше тәртібі
1 1-бөлім. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ерекше тәртіп дағдарысты жағдайлар кезеңінде республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың рәсімдерін айқындайды (бұдан әрі – Ерекше тәртіп).
2 2. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 13-бабында айқындалған құрылымға және Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес әзірленген бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2-1
2-1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдайды және ол ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
3 3. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабарланады.
2 2-бөлім. Республикалық бюджетті нақтылау
4 4. Осы Ерекше тәртіптің ережелерін қолдану арқылы ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету және атқару дағдарысты жағдайлар кезеңінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары бойынша республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау, түзету кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған (түзетілген) республикалық бюджет жобасына енгізіледі.
Құрылыс қызметін көздейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде су қауіпсіздігі объектілерінің шығыстары сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ірілендірілген сметалық нормалар мен бағалар жинақтары негізінде жоспарланады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік инвестициялар не бюджеттік кредит алатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы әлеуметтік-экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға бағытталған активтер бойынша жобаларда әлеуметтік-экономикалық әсер беретін және дағдарысты жағдайлар тұрақтанғаннан кейін отандық бизнесті (оның ішінде экспортты) қолдауды, тұрақты жұмыс орындарын сақтауды (құруды) көздеуге тиіс.
Бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.
5
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төтенше жағдай кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру және халықтың тыныс-тіршілігін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды және басқа іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджет қаражатына қажеттілікті айқындайды.
6
6. Бюджеттік өтінім осы Ерекше тәртіпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес «Іс-шараларды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының жиынтық есеп-қисабы» деген 1-нысан және «Іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік мекеме шығыстарының есеп-қисабы» деген 2-нысан бойынша шығыстардың әрбір түрі бойынша есеп-қисаптармен қоса, оңайлатылған түрде жасалады.
Негіздеуші құжаттар болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есеп-қисаптары бюджеттік өтінімге бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер арқылы қаржыландырылатын, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобаларын енгізу үшін негіз болып табылады.
Бюджеттік өтінімнің негізділігіне, бюджеттік өтінімге есеп-қисаптардың дұрыстығына, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы жауапты болады.
7
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өзгерістер мен толықтырулар жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың бөлігінде ғана бюджеттік өтінімді ЭҚАБЖ арқылы электрондық түрде және қағаз тасығышта бір данада ұсынады.
8 8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдерді қарайды және қолданыстағы
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде төтенше жағдай іс-шараларын, сондай-ақ экономиканы тұрақтандыру және халықтың үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды және басқа да іс-шараларды қаржыландыруға бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қалыптастырып, оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
9 9. Республикалық бюджет комиссиясы осы Ерекше тәртіптің
8-тармағында көрсетілген құжаттарды мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын және ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
10 10. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті тиісті Жарлыққа қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысының жобасын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
3 3-бөлім. Республикалық бюджеттің атқарылуы
11 11. Нақтыланған республикалық бюджетті атқару ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет қаражаты көлемінің шегінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті шығыстар бойынша атқаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер Бюджет кодексінің талаптарына, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының (бұдан – әрі Бюджеттің атқарылуы қағидалары) ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің межеленген көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын, осы Ерекше тәртіп шеңберінде республикалық бюджетте көзделген шығыстар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларында көзделеді және тиісті сараптамалар жүргізілмей бөлінеді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы шығыстар бойынша төлемдерді бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті корпоративтік шешімдері негізінде қаржы-экономикалық негіздемені және мемлекеттік инвестициялық ұсынысты ұсынбай жүргізеді.
11-1
11-1. Көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуге жол беріледі.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қоса бере отырып, ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган өтінішхатты, жиынтық есептеулер мен негіздемелерді қарау нәтижелері бойынша қорытындыны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.
Қазынашылық органдары көтерме-тарату орталықтарын жобалау және салу бойынша орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді орындалған жұмыс актілері мен жергілікті сметалардың негізінде төлем тапсырмасына сәйкес қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын заңды тұлғаның шотынан жүзеге асырады.
12 12. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын бірыңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, бюджет қаражаты бөлінген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
13
13. Ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджетті атқару шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары мен өңірлер арасында қайта бөлуге құқылы.
Қаражат қайта бөлінген, сондай-ақ түсімдердің болжамды көлемі жеткіліксіз болған жағдайларда аумақтық қазынашылық бөлімшесі азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.
Қаражатты қайта бөлу қажет болған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары және өңірлер арасында оларды қайта бөлу жөніндегі ұсыныспен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесін белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Нақтыланған республикалық бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен астам көлемдегі қаражатты қайта бөлу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетті түзету туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді.
Қабылданған нормативтік құқықтық актінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Бюджетті атқару қағидаларының 2-тарауының
4-параграфында айқындалған тәртіппен түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
14
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн iшкi нарықта айналысқа жiберуге мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін, Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберуге мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.
15
15. Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының жағдайдың қолданылуы кезеңінде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін белгілемей, ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару түрінде жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Шаңырақ» пилоттық жобасы бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысын, Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс-шараларын қаржыландыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын жергілікті атқарушы органдар дербес айқындайды.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға бекітілген лимит шеңберінде көзделген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
16 16. Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда резервтің жалпы көлемін трансферттер мен қарыздарды есепке алмай, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің он процентіне дейін ұлғайтуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар резервінің бюджеттік бағдарламасына жергілікті бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен аспайтын көлемде қайта бөлу жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлеміне сәйкес бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджетті түзету арқылы жүзеге асырылады.
17 17. Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған пайдаланылмаған қаражат қайтаруға жатпайды және төтенше жағдай кезінде бюджетті нақтылау арқылы пайдаланылуы мүмкін.
18 18. Төтенше жағдай енгізілген кезде жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі қандай да бір өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты нысаналы трасферттерді төменгі бюджеттен жоғарғы бюджетке қайтару арқылы қайта қаралуы мүмкін.
1 Іс-шараларды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының жиынтық есеп-қисабы
Ерекше тәртіпке
1-қосымша
Бюджеттік өтінімге
1-нысан
Іс-шараларды қаржыландыру бойынша бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі шығыстарының жиынтық есеп-қисабы
Кодтар
Функционалдық топ: _______________________________
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі: ___________________
Бюджеттік бағдарлама: _________________________________
мың теңге
Шығыстар атауы
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің кіші сыныбының коды
Шығыстар сомасы
1. Шығыстар барлығы:
оның ішінде кіші бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың түрлері бойынша
Мемлекеттік органның басшысы ___________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Қаржы-экономикалық қызметтің басшысы _____________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Ескертпе:
1-нысан 2-нысан бойынша жасалған мемлекеттік мекемелер шығыстарының есеп-қисаптарын жинақтау жолымен жасалады. 1-нысанға экономикалық сыныптауыш ерекшеліктері бөлінісінде қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған есеп-қисаптар мен мәлімделетін шығыстардың негіздемелері қоса беріледі.
2 Іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік мекеме шығыстарының есеп-қисабы
Ерекше тәртіпке
2-қосымша
Бюджеттік нысанға
2-нысан
Іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекеттік мекеме
шығыстарының есеп-қисабы
Функционалдық топ:
Кодтар
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі: ___________________
Мемлекеттік мекеме: ___________________________
Бюджеттік бағдарлама:__________________________________
мың теңге
Шығыстар атауы
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды
Шығыстар сомасы
1. Шығыстар барлығы:
Оның ішінде кіші бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың түрлері бойынша
Мемлекеттік мекеменің басшысы __________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
Қаржы-экономикалық қызметтің басшысы ____________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
Ескертпе:
2-нысанға шығыстардың әрбір түрі бойынша экономикалық сыныптауыш ерекшеліктері бөлінісінде қаржы-экономикалық қызмет басшысы қол қойған есеп-қисаптар мен мәлімделетін шығыстардың негіздемелері қоса беріледі.