О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 16 октября 2020 года № 6-70-399 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых з
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 16 октября 2020 года № 6-70-399 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых з
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» №
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8-34-173
- Қабылданған күні
- 26.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 205060_736254.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DS619905
- ЭКБ идентификаторы
- 205060
- Редакция идентификаторы
- 205060_736254
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 07:08
0
Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»
№ 6-70-399 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 қазандағы «Ұйғыр ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 6-70-399 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 800 метр арақашықтықта айқындалсын.»;
2 2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2024 жылғы 26 желтоқсандағы
Ұйғыр аудандық мәслихатының
№ 8-34-173 шешіміне қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар,
олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
№
Елді мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толу нормалары
Материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
Шонжы ауылы
Хитбакиев көшесіндегі Орталық саябақтың алаңы
500 адам
- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
- бейнебақылау
және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.
2
Шонжы ауылы
Шеру мен демонстрация маршруты – Орталық саябақ алаңынан Хитбакиев көшесінің бойымен Алахунов көшесіне дейін, Алахунов көшесі бойымен Абай көшесінің қиылысына дейін және Абай көшесімен Әл-Фараби көшесіне дейін, Әл-Фараби көшесімен Хитбакиев көшесінің қиылысынан оң бағытта орталық саябақ алдына дейін
500 адам
- маршрут
бойындағы көшенің жарығы бар;
- бейнебақылау
және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету