О внесении изменений в постановление акимата Федоровского района от 16 июля 2021 года № 198 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Федоровского района от 16 июля 2021 года № 198 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 26.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.02.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2025 221486_801100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NT00173A
- ЭКБ идентификаторы
- 221486
- Редакция идентификаторы
- 221486_801100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:58
0 Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 198 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23591 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республиқалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республиқалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әкімдіктің
2025 жылғы «26» қыркүйектегі
№ 173 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2021 жылғы «16» шілдедегі
№ 198 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның басшысы;
2 2) мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4 4) қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.
2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4 4) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
5 5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
6 6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7 7) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер);
8 8) музыкалық жетекші;
9 9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10 10) кітапханашы;
11 11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
12 12) дыбыс инженері;
13 13) аккомпаниатор;
14 14) хормейстер;
15 15) библиограф;
16 16) хореограф;
17 17) режиссер.
3 3. Спорт маманының лауазымы:
әдіскер.