О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 16 июля 2021 года № 232 «Об утверждении Правил заключения договора залога банковского вклада и типовой формы договора залога банковского вклада в области углеводородов и добычи урана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 16 июля 2021 года № 232 «Об утверждении Правил заключения договора залога банковского вклада и типовой формы договора залога банковского вклада в области углеводородов и добычи урана»
- Атауы (қаз.)
- «Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 99
- Қабылданған күні
- 10.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2023 179076_622700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032074
- ЭКБ идентификаторы
- 179076
- Редакция идентификаторы
- 179076_622700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:15
0 «Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Банктік салымның кепілі шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
2. «Банктік салым кепілі көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы жер қойнауын пайдалануға лицензия берген көмірсутектер және (немесе) уран өндіру саласындағы құзыретті орган (бұдан әрі — құзыретті орган) атынан Қазақстан Республикасының пайдасына беріледі.»;
3-тармақта үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Салым банктік салым кепіл шартын жасаған (жасасқан) күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі