О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 февраля 2021 года № 30 «Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 16 февраля 2021 года № 30 «Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 12.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2021 158359_536790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21S0024258
- ЭКБ идентификаторы
- 158359
- Редакция идентификаторы
- 158359_536790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:12
0 «2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 30 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7137 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
1 Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 169 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы «16» ақпандағы
№ 30 қаулысына
қосымша
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
мың теңге
Бірегей тұқымдар
24 593
Элиталық тұқымдар
1 096 188
Бірінші репродукция тұқымдары
327 874
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
679 509
Барлығы
2 128 164