Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 13/100 · қабылданған 15.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2021-no-327-ekb-162363/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 13/100 ·15.12.2021
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 13/100 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/100
Қабылданған күні
15.12.2021
Көрсетілген редакция
28.03.2024 162363_693826.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21MB026075
ЭКБ идентификаторы
162363
Редакция идентификаторы
162363_693826
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:01

0 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
орыс тілінде 3 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
8 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана данқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш;
барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
8 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 26 сәуір – Чернобыль апатын еске алудың халықаралық күні:
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;»;
8 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
орыс тілінде 8 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тілінде 8 тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
8 тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні қазан айының екінші жексенбісі:
барлық топтың мүгедектеріне, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
орыс тіліндегі 10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі 16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
қазақ тіліндегі 20 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді;
«Осы қағиданың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы