О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 16 апреля 2021 года № 3/27 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/187
- Қабылданған күні
- 03.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2024 173066_693822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MB030219
- ЭКБ идентификаторы
- 173066
- Редакция идентификаторы
- 173066_693822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:39
0 Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4502 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
8-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
2) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:
барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
4) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына, теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар басқа) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;»;
4) тармақшаның оныншы, он бірінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
«сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;»;
4) тармақшаның жиырмасыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«ұрыс қимылдары салдарынан мүгедектігі белгіленген мүгедектігі бар адамдарға – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш;»;
5), 6) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«5) 1 маусым – Балаларды қорғау күні:
он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
6) 6 шілде – Астана күні:
барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
8) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі:
барлық топтың мүгедектігі бар адамдарына, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
9-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) он сегіз жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға табысын есепке алмай ай сайын – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;»;
5) тармақшаның екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«табысын есепке алмай және мамандық таңдауға шектеусіз Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқитын мүгедектігі бар студенттерге;»;
5) тармақшаның бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын студенттерге;».