Құжат мәтініне өту

О внесений изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 ноября 2021 года № 470 «Об утверждении Правил компенсации производителям социально значимых продовольственных товаров расходов, связанных с внесением утилизационного платежа производителями (импортерами) полимерной, стеклянной, бумажной, картонной и (или) металлической упаковок, упаковки из комбинированных материалов, применяемых для упаковывания социально значимых продовольственных товаров»

Бұйрық · № 204 · қабылданған 06.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2021-no-470/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесений изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 ноября 2021 года № 470 «Об утверждении Правил компенсации производителям социально значимых продовольственных товаров расходов, связанных с внесением утилизационного платежа производителями (импортерами) полимерной, стеклянной, бумажной, картонной и (или) металлической упаковок, упаковки из комбинированных материалов, применяемых для упаковывания социально значимых продовольственных товаров» Қолданыста Бұйрық ·№ 204 ·06.09.2024
06.09.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесений изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 ноября 2021 года № 470 «Об утверждении Правил компенсации производителям социально значимых продовольственных товаров расходов, связанных с внесением утилизационного платежа производителями (импортерами) полимерной, стеклянной, бумажной, картонной и (или) металлической упаковок, упаковки из комбинированных материалов, применяемых для упаковывания социально значимых продовольственных товаров»

Қолданыста Бұйрық ·№ 204 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесений изменения в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 ноября 2021 года № 470 «Об утверждении Правил компенсации производителям социально значимых продовольственных товаров расходов, связанных с внесением утилизационного платежа производителями (импортерами) полимерной, стеклянной, бумажной, картонной и (или) металлической упаковок, упаковки из комбинированных материалов, применяемых для упаковывания социально значимых продовольственных товаров»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
06.09.2024
Көрсетілген редакция
06.09.2024 200642_719395.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035063
ЭКБ идентификаторы
200642
Редакция идентификаторы
200642_719395
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:45

0

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы
16 қарашадағы № 470 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25210 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қаптау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл қаптамаларды, аралас материалдардан жасалған қаптамаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі - оператор) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан жасалған орамаларды (бұдан әрі – орамалар) өндірушілердің (импорттаушылардың) (бұдан әрі – орамалардың өндірушілері (импорттаушылар) кәдеге жарату төлемі түрінде енгізілген ақшалай қаражаттын «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32474 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі - өндірушілер) өтейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі

Қолданыстағы