Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 16 августа 2021 года № 7 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2021 года № 80 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма»

Бұйрық · № 4 · қабылданған 19.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2021-no-7-16-2021-no-80-ekb-208558/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 16 августа 2021 года № 7 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2021 года № 80 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма» Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·19.03.2025
19.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 16 августа 2021 года № 7 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2021 года № 80 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма»

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 16 августа 2021 года № 7 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 16 августа 2021 года № 80 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочного листа за соблюдением законодательства Республики Казахстан о противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, и финансированию терроризма»
Атауы (қаз.)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
19.03.2025
Көрсетілген редакция
19.03.2025 208558_751168.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035868
ЭКБ идентификаторы
208558
Редакция идентификаторы
208558_751168
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:31

0

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының
2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №7 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24034 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
6, 6-1- және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілеріне:
бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.
6-1. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау субъектілеріне:
лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;
заң консультанттары - мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;
бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады.
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау субъектілеріне, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандар жатады - мынадай қызметтерге:
жылжымайтын мүлiктi сатып алуға-сатуға;
клиенттің ақшасын, бағалы қағаздарын немесе өзге мүлкін басқаруға;
банктік шоттарды немесе бағалы қағаздар шоттарын басқаруға;
компанияны құру, қамтамасыз ету, оның жұмыс істеуі немесе оны басқару үшін қаражат жинақтауға;
заңды тұлғаларды құруға, сатып алуға-сатуға, олардың жұмыс істеуіне немесе оларды басқаруға қатысты олар клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда.»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау
нәтижелері».
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
«
13
Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
өрес­кел
»;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымшада 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын ақ­ша­мен және (неме­се) мү­лік­пен жа­са­ла­тын опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру (шек­ті со­ма­ға тең неме­се одан аса­тын опе­ра­ция)
Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі) (БАТЖ, ЭШФ АЖ, Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі) Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­у­ға шы­ғу
Бо­луы
Бол­мауы
0%
100%
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
«
8
Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат бе­ру
Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 1) тар­мақ­ша­сы (ба­қы­лау және қа­да­ға­лау субъ­ек­ті­сі ұсы­на­тын есеп­ті­лік пен мә­лі­мет­тер мо­ни­то­рин­гі­нің нәти­же­ле­рі) (БАТЖ, ЭШФ АЖ, Сот­қа дей­ін­гі тер­геп-тек­се­ру­лер­дің бі­рың­ғай ті­зі­лі­мі) Өл­шем­шар­ттар­дың 12-тар­ма­ғы­ның 4) тар­мақ­ша­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сіне ба­ру ар­қы­лы про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­ла­у­ға шы­ғу
Бо­луы
Бол­мауы
0%
100%
»;

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Републикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті

Қолданыстағы