Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил составления проектов по установлению и изменению границ административно-территориальных единиц»

Бұйрық · № 76 · қабылданған 27.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2022-no-257/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил составления проектов по установлению и изменению границ административно-территориальных единиц» Қолданыста Бұйрық ·№ 76 ·27.02.2024
27.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил составления проектов по установлению и изменению границ административно-территориальных единиц»

Қолданыста Бұйрық ·№ 76 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 августа 2022 года № 257 «Об утверждении Правил составления проектов по установлению и изменению границ административно-территориальных единиц»
Атауы (қаз.)
«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
27.02.2024
Көрсетілген редакция
27.02.2024 193926_688350.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034099
ЭКБ идентификаторы
193926
Редакция идентификаторы
193926_688350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:59

0 «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кодекстің 149-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жергілікті жерде ӘАБ-дің шекарасын белгілеу жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізе отырып қамтамасыз етіледі және «Мемлекеттік есептеу жүйелерін және картографиялық проекцияларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 208 қаулысына сәйкес мемлекеттік есептеу жүйелерінде және картографиялық проекцияда жүзеге асырылады.»;
18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысына сәйкес қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы