О внесении изменений в совместные постановление акимата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 324/8 и решение маслихата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 2/30 «Об установлении границ (черты) населенных пунктов района Тереңкөл»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместные постановление акимата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 324/8 и решение маслихата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 2/30 «Об установлении границ (черты) населенных пунктов района Тереңкөл»
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 «Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 317/10
- Қабылданған күні
- 27.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2024 205222_738255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PH763214
- ЭКБ идентификаторы
- 205222
- Редакция идентификаторы
- 205222_738255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:46
0 Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8
және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы
№ 2/30 «Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 «Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30808 болып тіркелген) бірлескен қаулысы және шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«Бобровка ауылдық округі» деген сөздер «Жаңабет ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Воскресенка ауылдық округі» деген сөздер «Әулиеағаш ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Воскресенка» деген сөз «Әулиеағаш» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Березовка» деген сөз «Аққайың» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«Верненка ауылдық округі» деген сөздер «Алтай ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Львовка» деген сөз «Алтай» деген сөзімен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«Трофимовка» деген сөз «Қоржынкөл» деген сөзімен ауыстырылсын;
9-тармақта:
алаңы «9620,0» деген сандар алаңы «7680,6» деген сандармен ауыстырылсын;
алаңы «2861,0» деген сандар алаңы «3295,9» деген сандармен ауыстырылсын;
11-тармақта:
алаңы «6955,0» деген сандар алаңы «6954,7» деген сандармен ауыстырылсын;
12-тармақта:
«Федоровка ауылдық округі» деген сөздер «Томарлы ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Федоровка» деген сөз «Томарлы» деген сөзімен ауыстырылсын;
1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жаңабет ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері)»;
4-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Әулиеағаш ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері)»;
5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Алтай ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері)»;
12-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Томарлы ауылдық округі елді мекендерінің шекаралары (шектері)».