О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 16 февраля 2022 года № 69 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2022 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 16 февраля 2022 года № 69 «Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2022 год»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 69 «2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 585
- Қабылданған күні
- 29.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2022 176343_610046.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22N0031382
- ЭКБ идентификаторы
- 176343
- Редакция идентификаторы
- 176343_610046
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:07
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 69
«2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2022 жылғы 16 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26901 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Қостанай
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 585
қаулысына
қосымша
Қостанай
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 16 ақпандағы
№ 69 қаулысына
қосымша
2022 жылға арналған
субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет
қаражатының көлемі
№
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
мың теңге
1
Бірегей тұқымдар
112 427,875
2
Элиталық тұқымдар
754 475,642
3
Бірінші репродукция тұқымдары
699 024,865
4
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
164 071,618
Барлығы
1 730 000,0