О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 16 июля 2024 года № 115-НҚ «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 16 июля 2024 года № 115-НҚ «Об утверждении Положения о Комитете по регулированию, охране и использованию водных ресурсов Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 258-НҚ
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 I229175_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26MA000258
- ЭКБ идентификаторы
- 229175
- Редакция идентификаторы
- I229175_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 25.08.2026 03:30
0 «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация
министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы көрсетілген мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
9-тармақ алып тасталсын;
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттігі болып табылмайтын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңдармен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке бағытталады.»;
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Комитеттің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаты - мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын орындау.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өкілеттіктері
1) құқықтары:
Комитеттің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсуге;
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдардан Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
Комитет реттейтін қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға, оның ішінде:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға тиісті ақпарат беруге қатысу;
заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
мемлекеттік қызмет алушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;
өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау;
осы Ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақытылы және сапалы орындауға міндетті.»;
15-тармақтың 48) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«48) реттелетін саладағы мәселелер бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;»;
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Министрлікке Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді;
3) Комитет төрағасының орынбасарларын, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
5) өз орынбасарларының, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерінің, аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдық нұсқаулықтары мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
6) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен өз орынбасарларына, Комитеттің мемлекеттік қызметшілеріне, аумақтық бөлімшелердің басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен өз орынбасарларын, Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін, аумақтық бөлімшелердің басшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
9) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
10) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимылының құзыреті мен тәртібін айқындайды;
11) аумақтық бөлімшелер актілерінің қолданысын толық немесе бір бөлігінде жояды не тоқтата тұрады;
12) Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Комитеттің атынан мемлекеттік органдарға, аумақтық бөлімшелерге, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жіберілетін құжаттарға Комитет төрағасы және оның орынбасарлары өз құзыреті шегінде, ал олар болмаған жағдайда оларды алмастыратын тұлға қол қояды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;