О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ «Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ «Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 371-НҚ
- Қабылданған күні
- 31.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2026 I228495_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26JC000371
- ЭКБ идентификаторы
- 228495
- Редакция идентификаторы
- I228495_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.08.2026 03:31
0 «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесінде:
2-тармақтың 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) интернет-конференциялар – Қазақстан Республикасының азаматтары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоятын және ұсыныстарымен бөлісетін ашық диалог интернет-порталының сервисі;
6) нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі – НҚА) – жалпыхалықтық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
7) сауалнамалар – мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалардағы (аялардағы) қандай да бір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарға сауалнама жүргізуді жүзеге асыратын ашық диалог интернет-порталының сервисі;»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық бюджеттер интернет-порталының мониторингі»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылауды жүргізеді.
10. Бюджеттік бағдарламалар паспорттарын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру кезінде мемлекеттік органдар-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халықты жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды орналастырады және жария талқылаудың белгіленген мерзімі ішінде ұсыныстар және (немесе) ескертулер жинауды қамтамасыз етеді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік органдар жолданымдар шеңберінде көтерілген Қазақстан Республикасының азаматтардың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізеді және оларға сәйкес интернет-конференциялар мен сауалнамаларды одан әрі құру үшін тақырыптар тізбесін қалыптастырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мемлекеттік органдардың келіп түскен ұсыныстармен және (немесе) ескертулермен жұмысының қорытындылары бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органның кері байланыс көрсеткішін мынадай формула бойынша есептейді:
F – мемлекеттік орган бойынша кері байланыстың қорытынды көрсеткіші;
В – қабылданған ескертулер және (немесе) ұсыныстар саны;
С – келіп түскен ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың жалпы саны;
E – Қазақстан Республикасының азаматтардың жауап берілген түсініктемелерінің саны;
G– Қазақстан Республикасының азаматтардан келіп түскен түсініктемелердің жалпы саны.
Мемлекеттің жобалары мен бастамаларына Қазақстан Республикасының азаматтардан түсініктемелер және (немесе) ескертулер мен ұсыныстар түспеген жағдайларда, түсініктемелер (E/G) немесе ескертулер мен ұсыныстар (B/C) бойынша қатынас 1-ге (бірлік) тең болады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;