О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ «Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 17-НҚ «Об утверждении Методики сбора и оценки обратной связи населения на предлагаемые и (или) реализуемые проекты и инициативы государства»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 379-НҚ
- Қабылданған күні
- 07.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 25.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2026 228602_834979.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26JC000379
- ЭКБ идентификаторы
- 228602
- Редакция идентификаторы
- 228602_834979
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.08.2026 03:33
0 «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесінде:
2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджет есептілігін, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жариялануға тиіс өзге де материалдарын, ақпараттарын және бюджет процесінің құжаттарын орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар паспорттарын жария талқылауды және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;
2) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;
3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік цифрлық ресурс;».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі