О внесении изменений в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 16 сентября 2024 года № 27 «Об утверждении Правил привлечения лиц в качестве интервьюеров и организации их работы при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 16 сентября 2024 года № 27 «Об утверждении Правил привлечения лиц в качестве интервьюеров и организации их работы при проведении общегосударственных статистических наблюдений и национальных переписей»
- Атауы (қаз.)
- «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 207589_746672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035766
- ЭКБ идентификаторы
- 207589
- Редакция идентификаторы
- 207589_746672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:51
0 «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы
16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35090 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту және олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы – ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлер жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асыратын адам.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Интервьюердің жұмысының сапасын бақылауды және тексеруді супервайзер және (немесе) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы іріктеп қоңырау шалу жолымен және (немесе) респонденттерді және (немесе) үй шаруашылықтарын аралау арқылы жүзеге асырады.
Бір супервайзер және (немесе) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы кемінде төрт және ең көбі алты интервьюердің жұмысын қадағалайды.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Интервьюер өзінің учаскесінің шекарасын зерделейді, қажет болған жағдайларда учаскенің шекарасы ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушымен және шектес учаскелердің интервьюерлерімен бірге аралап шығу арқылы нақтыланады.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Санақ парақтарын планшетті немесе қағаз жеткізгішті (планшеттерді қолдану мүмкін болмаған жағдайда) пайдалана отырып, интервьюер толтырады. Қағаз жеткізгіште толтырылған бұдан әрі планшетке енгізілген санақ парақтары ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушыға берілуі тиіс.»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі нұсқаушы белгілеген күні интервьюер бақылап аралауға қатысады.».