О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 июля 2024 года № 270 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы гражданской защиты, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предоставлении отпусков, присвоении специальных званий, увольнении и откомандировании»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 16 июля 2024 года № 270 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы гражданской защиты, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предоставлении отпусков, присвоении специальных званий, увольнении и откомандировании»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 14.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 14.03.2025 208149_748953.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035826
- ЭКБ идентификаторы
- 208149
- Редакция идентификаторы
- 208149_748953
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:36
0
«Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34759 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті басшы – облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ТЖМ аумақтық органының, білім беру ұйымының басшысы;
4) АҚО кадр қызметі - ТЖМ аппаратындағы, аумақтық органдағы, ТЖМ білім беру ұйымындағы бөлімшесі;»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Қызмет бойынша жоспарлы ауыстыруды Министр, вице-министр (лауазымдар номенклатурасына сәйкес), уәкілетті басшылар адамның қойылатын біліктілік талаптарына, білім деңгейіне сәйкес келген және мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өткен жағдайда жүргізеді.
25. Басшы құрамдағы адамдарды қызмет бойынша ауыстыру Заңның 30-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Заңның 30-бабының 8-тармағына сәйкес қызметкерлер жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметкер жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған кезде:
осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің қызметтік тізімі (бұдан әрі – қызметтік тізім);
ұсыныс;
қызметкердің тікелей басшысы куәландырған баянаты;
ӘДК қорытындысы (қажет болған жағдайда);
осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде кандидатқа анықтама;
БП ҚСАЕК АЖ ақпараты;
қызметкердің аттестаттау парағының көшірмесі (жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде);
полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы анықтама (жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде);
қызметкердің цифрлық рейтингі (жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде);»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қызметкерлерге еңбек демалысы кезінде ауруға байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ұзартуды министр, вице-министр (лауазымдар номенклатурасына сәйкес), еңбек демалысын берген уәкілетті басшылар емдеу мекемесінің еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша босатуды алғанын куәландыратын құжаттарын ұсынғаннан кейін жүргізеді. Бұл ретте, бұл адамдардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болу уақыты үзілмеуге тиіс. Демалыс қызметкердің баянаты және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша пайдаланылмаған күндер санына ұзартылады және тиісті бұйрықпен ресімделеді.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Орта және аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған кіші басшы құрамның қатарындағы қызметкерлерге орта басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын беруге, арнаулы атақта белгіленген еңбек сіңірген мерзімі өткен және одан да көп көзделген лауазымдарға тағайындалған қызметкерлерге аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беруге ұсыну жоғары шекті атақ оларды лауазымға тағайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және жіберіледі.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. АҚО-да қызметті тоқтату Заңның 11-тарауына сәйкес министрдің, вице-министрдің (лауазымдар номенклатурасына сәйкес), уәкілетті басшының бұйрықтарымен ресімделеді.»;
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Заңның 80-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы бойынша АҚО штаттардың қысқаруына немесе қайта ұйымдастырылуына байланысты жұмыстан шығару қызметкерді басқа лауазымда пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.»;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Заңның 80-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы бойынша жұмыстан босатылған кезде, еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан жағдайда, қызметкер еңбек жағдайларының өзгерістерін баяндайтын министрдің, вице-министрдің (лауазымдар номенклатурасына сәйкес), уәкілетті басшының атына баянат береді. АҚО кадр қызметі баянат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде ондағы мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізеді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) еңбек жағдайындағы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар әзірлеу және қызметкерге оның қабылданған шаралармен келісімі, қызметін жалғастыру және алдыңғы баянатты кері қайтарып алу туралы баянат жазуды ұсыну;
2) қызметкерді жоюы мүмкін емес еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты одан әрі қызмет өткеруден бас тартуға байланысты оның келісімімен МҚА-дан жұмыстан шығару.»;
89-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«89. Қызметкерді іссапарға жіберу Министрдің, вице-министрдің (лауазымдар номенклатурасына сәйкес), уәкілетті басшының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
6-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкердің сандық рейтингі.».