Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 «Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц»

Қаулы · № 109 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2024-no-51-ekb-228289/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 «Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц» Күшіне енбеген 27.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 «Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц»

Күшіне енбеген Қаулы № 109 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 «Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц»
Атауы (қаз.)
«Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
109
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228289_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039436
ЭКБ идентификаторы
228289
Редакция идентификаторы
I228289_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34952 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
мынадай мазмұндағы 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:
«4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.
Берешекті ұжымдық реттеу деп қарыз алушының банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі немесе одан көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар мен тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеуге осы барлық кредитордың қатысуын көздейтін сотқа дейінгі реттеу рәсімі түсініледі.
Берешекті ұжымдық реттеу «Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38583 болып тіркелген) көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін тұтынушылық кредит деп «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 34) тармақшасына сәйкес тұтынушылық банктік қарыз және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес тұтынушылық микрокредит түсініледі.
4-4. Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары:
1) банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан да көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асады;
2) қарыз алушының берешегі берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берудің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде ұжымдық реттеу рәсімінің мәні болмаған;
3) қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берген күні «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қарыз алушыға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы қозғалған істің болмауы.
Берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қатысушылар болып табылатын кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актілерінің не нотариустың атқарушылық жазбаларының, сондай-ақ олардың негізінде қозғалған атқарушылық істің болуы қарыз алушының атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын төлеген және жеке сот орындаушысы қызметінің ақысын төлеген жағдайда, оны көрсетілген рәсімге жіберуге кедергі болмайды.».

2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4-3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.».