О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 55 «Об утверждении Правил получения согласия супруга (супруги) на предоставление банковского займа или микрокредита физическому лицу, минимального размера банковского займа или микрокредита, по которому необходимо согласие супруга (супруги) на предоставление банковского займа или микрокредита физическому лицу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 55 «Об утверждении Правил получения согласия супруга (супруги) на предоставление банковского займа или микрокредита физическому лицу, минимального размера банковского займа или микрокредита, по которому необходимо согласие супруга (супруги) на предоставление банковского займа или микрокредита физическому лицу»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 50
- Қабылданған күні
- 28.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 31.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2025 213750_772785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036739
- ЭКБ идентификаторы
- 213750
- Редакция идентификаторы
- 213750_772785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:33
0
«Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34946 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төмен мөлшерін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мына:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары;
2) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздың немесе микрокредиттің (қайта қаржыландырылуға жататын тұтынушылық банктік қарыздар мен микрокредиттерді қоспағанда) ең төмен мөлшері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 5-2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-3-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – кредитор) жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ең төмен мөлшерге тең немесе одан жоғары сомаға, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит (бұдан әрі – кредит) беруге келісімін алу тәртібін айқындайды.».