Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О приостановлении действия структурного элемента совместного постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 62 и Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 августа 2024 года № 45 «Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения»

Қаулы · № 83 · қабылданған 24.12.2025
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2024-no-62-19-2024-no-45/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О приостановлении действия структурного элемента совместного постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 62 и Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 августа 2024 года № 45 «Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения» Күшін жойған 28.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О приостановлении действия структурного элемента совместного постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 62 и Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 августа 2024 года № 45 «Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения»

Күшін жойған Қаулы № 83 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приостановлении действия структурного элемента совместного постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 62 и Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 августа 2024 года № 45 «Об определении предельных размеров годовой эффективной ставки вознаграждения»
Атауы (қаз.)
«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
83
Қабылданған күні
24.12.2025
Қолданысқа енгізілген күні
05.01.2026
Көрсетілген редакция
28.04.2026 219804_820110.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500037698
ЭКБ идентификаторы
219804
Редакция идентификаторы
219804_820110
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
08.09.2026 02:19
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62

және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының құрылымдық элементінің қолданылуын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34960 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бірлескен қаулы) 1-тармағының қолданылуы 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Тоқтата тұру кезеңінде Бірлескен қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылатыны белгіленсін:

«1. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері:
екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздары бойынша 46 (қырық алты) пайыз; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 35 (отыз бес) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 (қырық алты) пайыз;
микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде беретін микрокредиттер бойынша күніне 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайыздан аз, бірақ 179 (бір жүз жетпіс тоғыз) пайыздан аспайтын мөлшерде болып айқындалсын.
Микрокредиттер «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19697 болып тіркелген) көзделген талаптарға сәйкес келген кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген мөлшерлемемен беріледі.
Банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасу, банктік қарыз, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту және (немесе) банктік қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе енгізу күнгі жағдай бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы тармақта айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.».

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.