Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе»

Өзге акт · № VIII-40/309 · қабылданған 31.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/16-2024-no-viii-22165/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ VIII-40/309 ·31.07.2025
31.07.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ VIII-40/309 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 16 мая 2024 года № VIII-22/165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Каркаралинском районе»
Атауы (қаз.)
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 «Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
VIII-40/309
Қабылданған күні
31.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2025
Көрсетілген редакция
31.07.2025 213089_768829.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25KM036583
ЭКБ идентификаторы
213089
Редакция идентификаторы
213089_768829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:58

0 Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы № VIII-22/165 «Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 мамырдағы VIII-22/165 «Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6599-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қарқаралы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 4 (төрт) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

2 2. «Қарқаралы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы