Қолданыстағы ред. 25.05.2006 (Редакция 28284_347379.kaz)

Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы от 25.05.2006 г. № 08/23 (Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы)

0

Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға материалдық
көмек көрсету туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихаттын 2005 жылғы 14 желтоқсандағы «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (2005 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысы әділет департаментінің Нұра аудандық басқармасында тіркелінді, нормативтік қүқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізімінде нөмері 8-14-14) № 205 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнар Тақуқызы Жүпенова) және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Нұра аудандық бөлімшесі (Сәтенова Зүльфина Төлеубайқызы-келісім бойынша):

1

1) арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алатын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тізімдерін анықтасын;

2

2) балаларды қорғау күніне мүгедек балаларға материалдық көмек 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде төлеуді үйымдастырсын.

2

2. Аудандық қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) осы аталған шараларды жүргізу үшін аудандық бюджетте қарастырылған қаржының бөлуін қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінін орынбасары Бекет Бекпайұлы Қосшығұловқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталығы
Нұра аудандық бөлімшесінің бастығы
З.Т.Сатенова
25.05.2006 жыл