Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы ТК РК при КМ РК от 16.10.95 г. N 145-П, N 147-П

Бұйрық · № 148 · қабылданған 01.06.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/161095-n-145-n-147/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы ТК РК при КМ РК от 16.10.95 г. N 145-П, N 147-П Күшін жойған 18.03.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказы ТК РК при КМ РК от 16.10.95 г. N 145-П, N 147-П

Күшін жойған Бұйрық № 148 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы ТК РК при КМ РК от 16.10.95 г. N 145-П, N 147-П
Атауы (қаз.)
ҚР МК жанындағы ҚР КК 16.10.95 жылғы N 145-П, N 147-П бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
148
Қабылданған күні
01.06.1997
Көрсетілген редакция
18.03.2000 AI3618_1.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V970000047_
ЭКБ идентификаторы
3618
Редакция идентификаторы
AI3618_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:05
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 ҚР МК жанындағы ҚР КК 16.10.95 жылғы N 145-П, N 147-П бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000.03.18. N 93 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7-шi қарашадағы N 147-П қаулысына сәйкестендiру мақсатында, сондай-ақ бюджетке кеден төлемдерi мен салықтарының түсуiне бақылауды тәртiпке келтiру мақсатында бұйырамын:

1. П. 2.2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16-қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген уақытша сақтау туралы (Уақытша сақтау қоймалары) Ереже төмендегiдей редакцияда жазылсын:

"Лицензия алу үшiн баспана иесi, қызмет аймағында баспана орналасқан кеден органына өтiнiш бередi, лицензия бергенi үшiн 8000 ЭКЮ мөлшерiнде жиналым төлейдi".

2. П. 2.4. Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы) Ереже" - 5000 АҚШ доллары эквивалентiнде кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенi туралы банк кепiлдiгi" деген сөзбен толықтырылсын.

Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу уақытша сақтау қоймалары қызметiнiң бүкiл мерзiмiнде банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлуi тиiс. Инфляция есептелген кепiлдiк мерзiмi шектеусiз әрекет ете алады. Инфляция есептелмеген кепiлдiк үш айдан соң қайта басталуы тиiс.

3. П. 2.9. Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16-шы қазандағы N 147-П бұйрығымен бекiтiлген кеден қоймалары туралы Ереже төмендегiдей редакцияда жазылсын:

"лицензияның әрекет ету мерзiмi 3 жыл құрайды. Кеден қоймасының мекемесiне лицензия беру үшiн, қойманың жалпы алаңына байланысты:
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн болса - 9000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрден жоғары 2000 шаршы метрге дейiн болса - 14000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 2000 шаршы метрден жоғары болса - 19000 мың ЭКЮ көлемiнде
жiктеу жиналымы алынады.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы осы бұйрықтың мазмұнын жергiлiктi жерлердегi кеден мекемелерiне жеткiзсiн.

5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.