О ликвидации республиканского государственного учреждения "Учреждение АП-162/5" Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Қолданыста
Қаулы
·№ 502
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ликвидации республиканского государственного учреждения "Учреждение АП-162/5" Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "АП-162/5 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 502
- Қабылданған күні
- 16.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2014 AI79970_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000502
- ЭКБ идентификаторы
- 79970
- Редакция идентификаторы
- AI79970_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:40
0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "АП-162/5 мекемесі" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «АП-162/5 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 62-жол алынып тасталсын.