Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О приоритетах и региональных программах поддержки и развития малого предпринимательства в Республике Казахстан» от 17 июля 1997 года № 3589

Жарлық · № 121 · қабылданған 23.07.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-1997-no-3589/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О приоритетах и региональных программах поддержки и развития малого предпринимательства в Республике Казахстан» от 17 июля 1997 года № 3589 Күшін жойған 23.07.1997 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О приоритетах и региональных программах поддержки и развития малого предпринимательства в Республике Казахстан» от 17 июля 1997 года № 3589

Күшін жойған Жарлық № 121 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О приоритетах и региональных программах поддержки и развития малого предпринимательства в Республике Казахстан» от 17 июля 1997 года № 3589
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолданудың аймақтық бағдарламалары және артықшылықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 3589 Жарлығын жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
121
Қабылданған күні
23.07.1997
Көрсетілген редакция
23.07.1997 548_262747.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.1997
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97N000005_
ЭКБ идентификаторы
548
Редакция идентификаторы
548_262747
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолданудың аймақтық бағдарламалары және артықшылықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 3589 Жарлығын жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
«Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолданудың аймақтық бағдарламалары және артықшылықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi № 3589 Жарлығын орындауда және облыс бойынша 1997-1998 жылдарға шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеудегi бiрегей тәсiлдi жасау мақсатымен ШЕШТIМ:

1. Қосымшаға сәйкес аймақтық бағдарлама әзiрлеу жөнiндегi облыстық жұмысшы комиссиясы құрылсын.

2. Қалалар және аудандар әкiмдерiне:

аймақтық бағдарламалар әзiрлеу жөнiндегi ұқсас жұмысшы комиссияларын құру;
жекешелендiруден кейiн қолдау көрсету мақсатында тұрғындар сұранысына жауап беретiн қызметтер мен халық тұтыну тауарларын өндiру жөнiндегi жұмыс iстеп жатқан өндiрiстiк қуаттардың жағдайына арнаулы тексеру жүргiзу;
үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiне дейiн қызмет жә не тауар өндiрiсi көлемдерi мен жаңа түрлерiн, қаржыландыру көзiн, бағдарламаның әр тармағы бойынша жүзеге асыру және орындау мерзiмiн көрсете отырып, 1997-1998 жылдарға шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасын жасау.

3. Облыстық жұмысшы комиссиясына:

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн жүзеге асыратын қызметтер мен тауарлар шығаратын жұмыс iстеп жатқан артықшылығы бар өндiрiстердi дамыту және жаңаларын құру жөнiндегi ұсыныстарды 1997 жылдың 1 тамызына дейiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне тапсыру.
1997 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында бекiтiлген кестеге сәйкес өкiлдерiн қатынастыра және қалалар мен аудандық бағдарламаларды қарау және iстеп көру;
1997 жылдың 10 қыркүйегiне дейiн облыстық бағдарламаның жобасын жасау, одан әрi Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлiгiнiң келiсiмiне жолдау үшiн облыс Әкiмiнiң бекiтуiне беру.

4. Облыстық экономика басқармасы тоқсанына бiр рет осы шешiмнiң орындалу барысы туралы облыс Әкiмiне ақпарат түсiрсiн.

5. Жоғарыда көрсетiлген бағдарламаны әзiрлеуге және жүзеге асыруға бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Б.К. Асатовқа жүктелсiн.

6 Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi облыстық жұмысшы комиссиясының ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Әкiмiнiң
1997 жылғы 24 шiлдедегi
№ 121 шешiмiне қосымша
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық
бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi облыстық жұмысшы комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Болатай Кәрiмұлы Асатов - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Қанат Шелбайұлы Бөрiмбеков - облыстық экономика басқармасы бастығының
орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Людмила Васильевна Михайлусова - облыстық экономика басқармасының бөлiм бастығы,
комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Дулат Телғарұлы Әбенов - мемлекеттiк мүлiк және активтердi басқару аумақтық комитетiнiң төрағасы
Ольга Александровна Бойко - Халық банкi облыстық басқармасының бастығы
Анатолий Федорович Быков - Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасының
жекешелендiру жөнiндегi Мемкомитетiнiң төрағасы
Фарид Тоқтарұлы Гильмулдинов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Дмитрий Борисович Дей - «Альянс» бизнес ассоциациясы одағының директоры
Болат Бекназарұлы Дембаев - облыс Әкiмi аппараты экономика және нарықтық
қатынастар бөлiмiнiң меңгерушiсi
Мереке Қасымұлы Дихаев - жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық
комитеттiң төрағасы
Сағынтай Қожмағамбетұлы Досмағамбетов - облыстық жұмыспен қамту еңбек биржасы орталығының
бастығы
Рапик Бақытжанұлы Жабағинов - «Агро» шаруа қожалықтары ассоциациясының төрағасы
Нағима Сейдахметқызы Жүсiпбекова - облыстық экономика басқармасы жанындағы шағын
бизнес және кәсiпкерлiктi қолдау комитетiнiң
төрағасы
Ақшал Ахметұлы Қаражанов - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының
орынбасары
Вениамин Феорович Котогонов - облыстық статистика басқармасының бастығы
Александр Степанович Ракович - облыстық құрылыс, сәулет және коммуналдық
шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары
Рақымбай Хамитұлы Салықбаев - облыстық әдiлет басқармасының бастығы
Төлепберген Ахметжанұлы Тақабаев - Ұлттық банк облыстық басқармасының бастығы
Серiк Шәмiлұлы Төлебаев - «Шағын бизнес орталығы» АҚ президентi