О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 1999 года № 134 «Некоторые вопросы организаций, подведомственных Министерству внутренних дел Республики Казахстан» и от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 1999 года № 134 «Некоторые вопросы организаций, подведомственных Министерству внутренних дел Республики Казахстан» и от 22 июня 2005 года № 607 «Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1208
- Қабылданған күні
- 27.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 190984_678496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300001208
- ЭКБ идентификаторы
- 190984
- Редакция идентификаторы
- 190984_678496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:59
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 ақпандағы № 134 қаулысында:
1-1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін дайындау;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) процестерді есепке алу жұмыстарын автоматтандыру;»;
2 2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 55-1) және 55-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-1) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, ұлттық жүргізуші куәлігін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін жеделдетіп дайындау және беру бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;
55-2) құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу жөніндегі, процестерді есепке алу, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, ендіру және қолдап отыру жұмысын автоматтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалар прейскурантын монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекітеді;».