Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2000 года N 487

Бұйрық · № 355 · қабылданған 19.07.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2000-n-487-ekb-9702/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2000 года N 487 Күшін жойған Бұйрық ·№ 355 ·19.07.2001
15.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2000 года N 487

Күшін жойған Бұйрық ·№ 355 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2000 года N 487
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
355
Қабылданған күні
19.07.2001
Көрсетілген редакция
15.04.2008 AI9702_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V010001606_
ЭКБ идентификаторы
9702
Редакция идентификаторы
AI9702_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:39

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Бұйырамын:

1 1. "Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" V001332_ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджеті

шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
111 ерекшелік бойынша:
"Шығыстар тізімі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Депутаттардың, саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің,
судьялардың, алыс және таяу шет елдердегі Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшілерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің, прокурорлардың,
прокуратура органдары, Қаржы полициясы агенттігі, Кеден органдары, Құқық
қорғау органдары, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің, әскери
қызметшілердің, оның ішінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің
негізгі жалақысы:
лауазымдық қызметақылар;
әскери атақтар бойынша жалақылар;
арнаулы атаққа қосымша ақы;
сыныптық шен үшін қосымша ақы;
әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік өртке
қарсы күрес қызметі қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше жағдайлары
үшін үстемақылар;
экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін үстемеақы;
демалысқа ақы төлеу, қызметкер жұмыстан босаған кезде пайдаланылмаған
демалысы үшін өтемақы;
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек ақы төлеу шарттарының өзгеруіне
байланысты мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақыдағы айырманы төлеу;
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес белгіленген қосымша ақылар;
Басқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің негізгі жалақысы:
лауазымдық қызметақы (тарифтік ставка);
ғылыми атаққа үстемақы;
еңбек сіңірген жылдары үшін немесе нақты мекемедегі және лауазымдағы
үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы үшін;
лауазымдық қызметақыға (тарифтік ставкаға) үстемеақылар;
лауазымдық қызметақыны (тарифтік ставканы) көтеру;
түнгі уақытта жұмыс істегені үшін ақы төлеу;
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек ақы төлеу шарттарының өзгеруіне байланысты жалақыдағы айырмашылықты төлеу, (сонымен бірге аудандық коэффициенттің, таулы, шөлді және сусыз жерлерде жұмыс істегені үшін төленетін коэффициенттердің алынып тасталуы);
экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін үстемеақы;
демалысқа ақы төлеу, қызметкер жұмыстан босаған кезде пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы;
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Z990493_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген қосымша ақылар.";
112 ерекшеліктің "Шығыстар тізімі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің, прокурорлардың, прокуратура органдары, Қаржы полициясы Агенттігі, Кеден органдары, Құқық қорғау органдары, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қосымша ақшалай төлемдері:
смета бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік органның басшысының шешімімен белгіленген лауазымдық қызметақыға үстемақылар;
смета бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік органның басшысының шешімімен төленетін сыйлықтар;
Басқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қосымша ақшалай төлемдері:
2002 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясының, Қазақстан Республикасы Президенті күзеті қызметінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің және олардың ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің әскери және арнаулы атақтары жоқ қызметшілері мен жұмысшыларына сыйлықтар.
еңбек ақы төлеу қорындағы үнем есебінен мемлекеттік мекеме бастығының шешімімен ынталандыру төлемдері.";
113 ерекшелік бойынша "Шығыстар тізімі" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Депутаттардың, саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелері қызметкерлерінің, прокурорлардың, прокуратура органдары, Қаржы полициясы Агенттігі, Кеден органдары, Құқық қорғау органдары, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің оның ішінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің өтемақы төлемдері:
сауықтыру үшін жәрдемақы;
әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегі қызметшілерден басқа) және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қызметтік ауысу кезіндегі көшу жәрдемақылары;
әскери қызметшілерге, оның ішінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне әскери немесе арнайы қызметтен босаған кездегі біржолғы жәрдемақылар;
мемлекеттік қызметшілердің шығу жәрдемақысы;
жұмысқа орналасу кезеңіндегі сақталатын жалақы;
заңдарға сәйкес өтемақы, біржолғы жәрдемақы;
,смета бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік органның басшысының шешімімен төленетін материалдық көмек;
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін қоса алғандағы аралықтағы есептелген және республикалық бюджеттен өтелетін уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленбеген, оның ішінде еңбек жарақаттары, кәсіби сырқаттар, екі қабат және босану, баланың туылғаны, жерлеу бойынша жәрдемақылар;
еңбек ақы төлеу қорының 1,5%-нан асып түсетін сомада екі қабат және босану бойынша және уақытша еңбекке жарамсыздық төлемақысы.
Басқа мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларының өтемақы төлемдері:
жұмысқа орналасу кезінде сақталатын жалақы;
еңбек ақы төлеу қоры шегінде мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен қызметкерге көрсетілетін материалдық көмек;
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін қоса алғандағы аралықтағы есептелген және республикалық бюджеттен өтелетін уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша төленбеген, оның ішінде еңбек жарақаттары, кәсіби сырқаттар, екі қабат және босану, баланың туылғаны, жерлеу бойынша жәрдемақылар;
еңбек ақы төлеу қорының 1,5%-нан асып түсетін сомада, екі қабат және
босану бойынша және уақытша еңбекке жарамсыздық төлемақысы".
159 Басқадай шығыстар ерекшелігінің "Шығыстар тізімі" бағанының
10-тармағы "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте ерекше көзге түскен
мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықтар (ақшалай сыйақылар),
естелік сыйлықтар" алынып тасталсын.

2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы