Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2000 года N 738

Қаулы · № 139 · қабылданған 25.01.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2000-n-738-ekb-7963/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2000 года N 738 Күшін жойған Қаулы ·№ 139 ·25.01.2001
12.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2000 года N 738

Күшін жойған Қаулы ·№ 139 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2000 года N 738
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
25.01.2001
Көрсетілген редакция
12.03.2012 AI7963_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000139_
ЭКБ идентификаторы
7963
Редакция идентификаторы
AI7963_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:01

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтыру енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.12 № 320 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 23, 261-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулықта:
3-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан кәсіптік мектептер (лицейлер) оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы