О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2002 года N 447
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2002 года N 447
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегi N 447 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 620
- Қабылданған күні
- 25.06.2003
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2008 AI15937_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000620_
- ЭКБ идентификаторы
- 15937
- Редакция идентификаторы
- AI15937_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:13
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегi N 447 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. "Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерінің құнын анықтау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 17 сәуiрдегi N 447 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 12, 119-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесiнде:
12-тармақтың 2-кестесiндегi реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Тастан, ерекше күрделі, қабырғалары кiрпiш, қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштен, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар
0,7 143";
13-тармақтың 5-кестесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"қамыс қаңқалы 0,6";
14-тармақтағы "коэффициентi (К айм.) қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталады" деген сөздер "коэффициентiн (К айм.) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлкiне салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау жөнiндегi уәкiлетті органдар жергіліктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын.