О внесении изменений в постановление акимата области от 17 января 2002 года № 84 "Об утверждении Порядка оказания социальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед областью"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата области от 17 января 2002 года № 84 "Об утверждении Порядка оказания социальной помощи лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед областью"
- Атауы (қаз.)
- Облыс әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 220
- Қабылданған күні
- 08.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2011 25078_202989.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05T0002436
- ЭКБ идентификаторы
- 25078
- Редакция идентификаторы
- 25078_202989
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:32
0 Облыс әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N№84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 28 ақпанда N№806 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулымен бекітілген
тәртіпке сәйкес әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін";
қаулының 3-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары»және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті" деген сөздер "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"облыстық қаржы басқармасы", "облыстық бюджетте", "облыс бойынша" деген сөздер "жергілікті қаржы органдары", "жергілікті бюджетте", "қала, аудан бойынша"»деген сөздермен ауыстырылсын;"
11-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақтағы "өтінімі бойынша" деген сөздер "қаржыландыру жоспары негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 23 мамырдағы № 178 "Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б. Рысқалиевқа жүктелсін.