О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 1 "О минимальных размерах уставного капитала организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2186
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде N 2186 тiркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 16.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2009 AI19078_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002749_
- ЭКБ идентификаторы
- 19078
- Редакция идентификаторы
- AI19078_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:28
0 Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде N 2186 тiркелген "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде N 2315 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 141 қаулысымен, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде N 2432 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 214 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерi бар "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркелу тiзiлiмiнде N 2186 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 7-20 сәуiрде жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
4-тармақта "кредиттiк серiктестiктер," деген сөздерден кейiн "ломбардтар," деген сөзбен толықтырылсын.
2 2. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны ломбардтарға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiберсiн.
3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.