О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2003 года № 368 "Об утверждении Правил представления информации о регистрации ипотеки судна или строящегося судна"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2003 года № 368 "Об утверждении Правил представления информации о регистрации ипотеки судна или строящегося судна"
- Атауы (қаз.)
- "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 846
- Қабылданған күні
- 22.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2017 AI59741_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000846
- ЭКБ идентификаторы
- 59741
- Редакция идентификаторы
- AI59741_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:56
0 "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы";
кіріспедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі)," деген сөздер алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесінде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша тіркеуші орган оны берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде кеме тіркелген Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме нысанында ақпарат береді. Бұл ретте үзінді көшірме:".