Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Қаулы · № 1394 · қабылданған 02.11.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2003-no-50-ekb-68343/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 1394 ·02.11.2012
12.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1394 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"
Атауы (қаз.)
"Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1394
Қабылданған күні
02.11.2012
Көрсетілген редакция
12.10.2015 AI68343_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001394
ЭКБ идентификаторы
68343
Редакция идентификаторы
AI68343_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:01

0 "Төтенше жағдайлар саласында бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында бiлiмдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 қарашадағы
№ 1394 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен
бекітілген
Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету тәртібін айқындайды.

2 2. Төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар ету

2 2. Төтенше жағдайлар туралы халықты хабардар етуді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырады.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар өздеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесі шеңберінде «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» және «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес төтенше жағдайлар саласында халықты хабардар етуді жүзеге асырады.

3 3. Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар және олардың салдары туралы ақпарат жария және ашық болып табылады.

4 4. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және құқық қорғау органдарына түскен төтенше жағдайлар туралы хабарламалар халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету үшін негіз болады.

5 5. Төтенше жағдайлар аймағындағы халық қауіп-қатер туралы жедел хабардар етіледі. Төтенше жағдайлар аймағына жақын тұратын халық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің буындарына арналған тиісті режимдер енгізілгеннен кейін 30 минуттың ішінде хабардар етіледі.

6

6. Төтенше жағдайлар қатері немесе олардың туындауы туралы ақпарат халыққа байланыс операторлары мен телерадиотарату желілері бойынша, оның ішінде ұялы байланыс операторларының желілері бойынша тегін мәтінді хабарламалар беру арқылы, сондай-ақ халық көп жиналатын орындар мен қоғамдық көлікте оларға қызмет көрсететін заңды тұлғалардың хабардар ету құралдары бойынша халықты хабардар ету жүйесі арқылы беріледі.
Қауіпті өндірістік объектілердің басшылары хабардар етудің жергілікті желілерін іс-қимылға келтіру арқылы төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен туындауы туралы жақын тұратын халықты хабардар етеді.

7

7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері телерадио хабарларын тарату операторларына және теле-, радиокомпанияларына төтенше жағдайлар туралы тиісті хабарламаларды жібереді, олар жедел түрде теле-, радиобағдарламалардың таралуын тоқтатуды жүзеге асырады және ақпарат тасымалдағыштардан тиісті ақпаратты халыққа таратуды қамтамасыз етеді.

8 8. Ағымдағы телерадио бағдарламаларын таратуды тоқтатудың бір реттік ұзақтығы бір сағат iшiнде екi-үш рет қайталанған кезде 5 минуттан аспайды.

3 3. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау

9 9. Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттауды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырады.

10

10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органының аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімі бекіткен жоспар бойынша төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттауды жүзеге асырады.

4 4. Төтенше жағдайлар саласында халықты және мамандарды оқытып-үйрету

11 11. Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік органдардың және ұйымдардың басшы құрамы мен мамандарын даярлау және халықты оқытып-үйрету осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес бірыңғай жүйе шеңберінде ұйымдастырылады және:

- орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс басқару органдарының, ұйымдар мен оқу орындарының басшылары мен қызметкерлері, «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқытушылары, қауіпті өндірістік объектілер мамандары үшін - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық бөлімшелерінде біліктіліктерін арттыруды, жиындарға, машықтанулар мен оқу-жаттығуларға қатысуды;
- азаматтық қорғаныстың басқару органдарының құрамына енгізілмеген жұмыс істейтін халық үшін - ұсынылатын бағдарламаларға сәйкес жұмыс орны бойынша сабақтар өткізуді, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы іс-қимылдар тәртібін өздігімен зерделеуді және алған білімдері мен дағдыларын оқу-жаттығулар мен машықтануларда бекітуді;
- жұмыс істемейтін халық үшін – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою тақырыптары бойынша өткізілетін іс-шараларға (әңгімелесулер, дәрістер, оқыту фильмдерін көру және басқалар) қатысуды, тұрғылықты жері бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға қатысуды, сондай-ақ төтенше жағдайлардан қорғану мәселелері бойынша оқу құралдарын, жадынамаларды және буклеттерді өздігімен зерделеуді, радио хабарларын тыңдауды, интернет-ресурстар мен телебағдарламаларды көруді;
- оқу орындарының студенттері мен оқушылары үшін – «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінің оқу бағдарламалары бойынша сабақтар өткізуді, төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі конкурстарға қатысуды, оқу-жаттығулар мен машықтануларға тартуды;
- мектепке дейінгі мекемелер балалары үшін – қоршаған ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша ойындар өткізуді, ертегілер мен балалар кітаптарын тыңдауды, ата-аналарымен әңгімелесуді көздейді.

12 12. Басшы құрам мен мамандарды даярлау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

13 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында оқытуға жататын лауазымды адамдар тізбесі

13. Төтенше жағдайлар саласындағы даярлау мен оқытып-үйретудің әдістемелік басшылығы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
1-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның оқу-әдістемелік орталықтарында оқытуға жататын лауазымды адамдар тізбесі
Р/с №
Оқы­ты­ла­тын­дар са­на­ты
Оқу ке­зе­ңі
1
2
3
1.
Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар:
бі­рін­ші бас­шы­лар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­лар тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
эва­ку­а­ци­я­лық ко­мис­си­я­лар тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
де­пар­та­мент ди­рек­тор­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
бас­қар­ма ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
бө­лім ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­кер­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
2.
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар:
қа­ла­лар, аудан­дар әкім­де­рі
5 жыл­да 1 рет
тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі (об­лы­стық, қа­ла­лық және аудан­дық) ко­мис­си­я­лар тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
эва­ку­а­ци­я­лық (эва­ку­а­ци­я­лық қа­был­дау) ко­мис­си­я­лар (об­лы­стық, қа­ла­лық және аудан­дық) тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
бас­қар­ма ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
бө­лім ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­кер­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі­нің (об­лы­стық, қа­ла­лық және аудан­дық) ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
жұ­мыл­ды­ру да­яр­лы­ғы, аза­мат­тық қор­ға­ныс, ава­ри­я­лар мен дү­лей апат­тар­дың ал­дын алу­ды және жо­ю­ды ұй­ым­да­сты­ру жө­нін­де­гі бас­қар­ма ба­стық­та­ры, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры және ма­ман­да­ры
3 жыл­да 1 рет
3.
Рес­пуб­ли­ка­лық ме­ке­ме­лер, ком­па­ни­я­лар және ве­дом­ство­лар:
бі­рін­ші бас­шы­лар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­лар тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
эва­ку­а­ци­я­лық ко­мис­си­я­лар тө­ра­ға­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­кер­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
4.
Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер:
бас­шы­лар және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­кер­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
5.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің, аумақ­тық ор­ган­да­ры мен ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры:
тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің, аумақ­тық ор­ган­да­ры мен ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
қа­ла­лар мен аудан­дар­дың тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі бас­қар­ма­лар (бө­лім­дер) ба­стық­та­ры, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры және ма­ман­да­ры
3 жыл­да 1 рет
ха­лық­ты оқы­ту мә­се­ле­ле­рі­мен ай­на­лы­са­тын тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
Ескертпе:

1 1. Міндетіне төтенше жағдайлар саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.

2 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын оқытылатын адамдар тізбесі

2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету, білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
2-қосымша
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытуға жататын оқытылатын адамдар тізбесі
Р/с №
Оқы­ты­ла­тын­дар са­на­ты
Оқу ке­зе­ңі
1
2
3
1.
Қа­ла­лар, аудан­дар әкім­де­рі­нің орын­ба­сар­ла­ры, ауыл­дық округ­тер­дің әкім­де­рі
5 жыл­да 1 рет
2.
Қа­ла­лар­дың, аудан­дар­дың (қа­ла­лық, ауыл­дық) тө­тен­ше жағ­дай­лар жө­нін­де­гі ко­мис­сия мү­ше­ле­рі
5 жыл­да 1 рет
3.
Об­лы­стар­дың, Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның эва­ку­а­ци­я­лық ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рі
5 жыл­да 1 рет
4.
Қа­ла­лық, аудан­дық эва­ку­а­ци­я­лық, эва­ку­а­ци­я­лық қа­был­дау ко­мис­си­я­ла­ры­ның мү­ше­ле­рі
5 жыл­да 1 рет
5.
Қа­ла­лық және аудан­дық әкім­дік­тер­дің ла­у­а­зым­ды адам­да­ры
5 жыл­да 1 рет
6.
Ұй­ым­дар, кә­сі­по­рын­дар, оқу орын­да­ры­ның аза­мат­тық қор­ға­ныс ба­стық­та­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
7.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс мә­се­ле­ле­рі­мен ай­на­лы­са­тын ұй­ым­дар­дың, кә­сі­по­рын­дар­дың, оқу орын­да­ры­ның ма­ман­да­ры (қыз­мет­кер­ле­рі)
5 жыл­да 1 рет
8.
Ұй­ым­дар­дың аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі­нің ма­ман­да­ры
5 жыл­да 1 рет
9.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­ның (жа­сақ­тар­дың, ко­ман­да­лар­дың, зве­но­лар­дың және бе­кет­тер­дің) ко­ман­дир­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
10.
Оқу орын­да­ры­ның, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның және бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры­ның бас­шы­ла­ры
5 жыл­да 1 рет
11.
«Ба­стап­қы әс­ке­ри дай­ын­дық» және «Тір­ші­лік қа­уіп­сіз­ді­гі негіз­де­рі» пән­де­рі бой­ын­ша оқу орын­да­ры­ның оқы­ту­шы­ла­ры
2 жыл­да 1 рет
12.
Мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер мең­ге­ру­ші­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
13.
Бар­лық үл­гі­де­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­дің ба­ста­уыш сы­нып­та­ры­ның сы­нып же­тек­ші­ле­рі
5 жыл­да 1 рет
14.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­на кір­мей­тін жұ­мыс­шы­лар­мен са­бақ өт­кі­зу топ­та­ры­ның же­тек­ші­ле­рі
3 жыл­да 1 рет
15.
Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да­ғы қо­ғам­дық ұй­ым­дар­дың бас­шы­ла­ры
3 жыл­да 1 рет
16.
Ең­бек және де­ма­лыс са­уық­ты­ру ла­гер­ле­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі
5 жыл­да 1 рет
17.
Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­дің ма­ман­да­ры
3 жыл­да 1 рет
Ескертпе:

1 1. Міндетіне төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу кіретін лауазымға тағайындалған адамдар үшін біліктілікті арттыру бірінші жұмыс жылы ішінде жүзеге асырылады.

2 Төтенше жағдайлар саласында халықты даярлау

2. Даярлықтан өткен тыңдаушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.
Төтенше жағдайлар саласында
хабардар ету білімді насихаттау,
халықты және мамандарды
оқытып-үйрету қағидаларына
3-қосымша
Төтенше жағдайлар саласында халықты даярлау
Р/с №
Іс-ша­ра, та­қы­рып
Оқы­ты­ла­тын­дар құ­ра­мы
Өт­кі­зу мер­зім­ді­лі­гі
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
1
2
3
4
5
1. Рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де
1.
«Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Аза­мат­тық қор­ға­ныс жүй­е­сін бей­біт жағ­дай­дан со­ғыс жағ­дай­ы­на ауы­сты­ру» та­қы­ры­бы бой­ын­ша «Қор­ғау» рес­пуб­ли­ка­лық шта­б­тық ма­шық­та­ну
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
Жыл сай­ын
ТЖМ
2.
«Көк­тем­гі ке­зең­де тас­қын су жағ­дай­ы­ның қо­лай­сыз да­муы ке­зін­де­гі тө­тен­ше жағ­дай­лар сал­да­рын жою ке­зін­де құт­қа­ру және бас­қа да шұ­ғыл жұ­мыстар­ға дай­ын­дық және олар­ды жүр­гі­зу» та­қы­ры­бы бой­ын­ша «Көк­тем» рес­пуб­ли­ка­лық ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­ла­ры
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар, олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры; рес­пуб­ли­ка­лық аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі, ұй­ым­дар
Жыл сай­ын
ТЖМ
3.
«Қы­сқы ке­зең­де тө­тен­ше жағ­дай­лар сал­да­рын жою ке­зін­де құт­қа­ру және бас­қа да шұ­ғыл жұ­мыстар­ға дай­ын­дық және олар­ды жүр­гі­зу» та­қы­ры­бы бой­ын­ша «Қыс» рес­пуб­ли­ка­лық ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­лар
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар, олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры; рес­пуб­ли­ка­лық аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі, ұй­ым­дар
Жыл сай­ын
ТЖМ
4.
Қа­зақ­стан­да­ғы ық­ти­мал қи­ра­ту­шы жер сіл­кі­ні­сі сал­да­рын жою ке­зін­де­гі іс-қи­мыл бой­ын­ша «Жер» рес­пуб­ли­ка­лық ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­ла­ры
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар, олар­дың ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры; рес­пуб­ли­ка­лық аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі, ұй­ым­дар
3 жыл­да 1 рет
ТЖМ
2. Ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­да
5.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою бой­ын­ша ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­лар
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың бас­шы құ­ра­мы
2 жыл­да 1 рет
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
6.
Аза­мат­тық қор­ға­ны­сты бей­біт жағ­дай­дан со­ғыс жағ­дай­ы­на ауы­сты­ру бой­ын­ша шта­б­тық ма­шық­та­ну (за­пас­та­ғы бас­қа­ру пункт­те­ріне шы­ға оты­рып)
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың бас­шы құ­ра­мы
2 жыл­да 1 рет
Ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
3. Аумақ­тық дең­гей­де
7.
Осы аумақ­та­ғы Аза­мат­тық қор­ға­ныс ба­стығы бел­гі­лей­тін та­қы­рып бой­ын­ша ке­шен­ді оқу-жат­тығ­у­лар (об­лы­стар­да, қа­ла­лар­да және аудан­дар­да)
Аза­мат­тық қор­ға­ныс ба­стығы, тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою жө­нін­де­гі ко­мис­си­я­ның мү­ше­ле­рі, аза­мат­тық қор­ға­ныс және тө­тен­ше жағ­дай­лар қыз­мет­те­рі, аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры, ұй­ым­дар, эва­ку­а­ци­я­лау ор­ган­да­ры, жұ­мыс­шы­лар мен қыз­мет­ші­лер, ха­лық­тың бір бө­лі­гі
3 жыл­да 1 рет
Об­лы­стар­дың, Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
8.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою және аза­мат­тық қор­ға­ныс бой­ын­ша об­лы­стар­дың, қа­ла­лар­дың және аудан­дар­дың ко­ман­да­лық-шта­б­тық оқу-жат­тығ­у­ла­ры
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік жүй­е­нің аумақ­тық кі­ші жүй­е­ле­рін бас­қа­ру ор­ган­да­ры
Жыл сай­ын
Об­лы­стар­дың, Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
9.
Ха­лық­тың, бас­қа­ру ор­ган­да­ры­ның, аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­ның жер сіл­кі­ні­сі туын­да­ған жағ­дай­да­ғы іс-қи­мыл­да­ры бой­ын­ша ко­ман­да­лық-шта­б­тық (шта­б­тық) ма­шық­та­ну­лар
Тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және олар­ды жою жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік жүй­е­нің аумақ­тық кі­ші жүй­е­сі­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры, эва­ку­а­ци­я­лау ор­ган­да­ры, рес­пуб­ли­ка­ның сей­сми­ка­лық қа­уіп­ті өңір­ле­рі­нің аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры
Жыл сай­ын
Об­лы­стар­дың, Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
10.
Ар­найы-так­ти­ка­лық оқу-жат­тығ­у­лар
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың аумақ­тық құ­ра­лым­да­ры, шұ­ғыл ден қою жа­сақ­та­ры
Жыл сай­ын
Об­лы­стар­дың, Аста­на және Ал­ма­ты қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры
4. Ұй­ым­дар­да
11.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы ТЖ туын­дау қа­у­піне және оны жо­ю­ға бай­ла­ны­сты іс-ша­ра­лар­ды пы­сық­тау бой­ын­ша ке­шен­ді оқу-жат­тығ­у­лар, аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­ры (та­қы­ры­бын ұй­ым­ның аза­мат­тық қор­ға­ныс ба­стығы бел­гі­лей­ді)
Аза­мат­тық қор­ға­ныс жө­нін­де­гі са­нат­тал­ған ұй­ым­дар­да
3 жыл­да 1 рет
Ұй­ым­дар
12.
Та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың туын­дау қа­у­піне және олар­ды жо­ю­ға бай­ла­ны­сты іс-ша­ра­лар­ды пы­сық­тау бой­ын­ша объ­ек­ті­лік ма­шық­та­ну­лар мен аза­мат­тық қор­ға­ныс іс-ша­ра­ла­ры
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың аумақ­тық құ­ра­лым­да­ры бар са­нат­тал­ма­ған ұй­ым­дар­да, жо­ға­ры оқу орын­да­рын­да
3 жыл­да 1 рет
Ұй­ым­дар
13.
Тө­тен­ше жағ­дай­лар ке­зін­де ал­ғаш­қы ық­ти­мал жағ­дай эле­мент­те­рін пы­сық­тау бой­ын­ша объ­ек­ті­лік ма­шық­та­ну­лар
Бар­лық үл­гі­де­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де және кә­сі­би-тех­ни­ка­лық мек­теп­тер­де
Жы­лы­на 1 рет
Ұй­ым­дар
14.
Аза­мат­тық қор­ға­ны­сты бей­біт жағ­дай­дан со­ғыс жағ­дай­ы­на ауы­сты­ру бой­ын­ша шта­б­тық ма­шық­та­ну­лар
Са­нат­тал­ған ұй­ым­дар­да
Жы­лы­на 1 рет
Ұй­ым­дар
15.
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­рын та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар сал­да­рын жою және аза­мат­тық қор­ға­ныс жө­нін­де­гі мін­дет­тер­ді орын­дау үшін да­яр­лау бой­ын­ша ар­найы-так­ти­ка­лық оқу-жат­тығ­у­лар
Аза­мат­тық қор­ға­ны­стың объ­ек­ті­лік құ­ра­лым­да­ры
Жы­лы­на 1 рет
Ұй­ым­дар
16.
Сей­сми­ка­лық ма­шық­та­ну­лар (сей­сми­ка­лық қа­уіп­ті өңір­лер үшін)
Ұй­ым­дар, оқу орын­да­ры, мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
Тоқ­сан сай­ын
Ұй­ым­дар
17.
Ава­ри­я­лық жағ­дай­лар бой­ын­ша ма­шық­та­ну­лар
Ұй­ым­дар, оқу орын­да­ры, мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
Тоқ­сан сай­ын
Ұй­ым­дар
18.
Сел­ге қар­сы ма­шық­та­ну­лар (сел қа­уіп­ті өңір­лер үшін)
Ұй­ым­дар, оқу орын­да­ры, мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
Сел қа­уіп­ті ке­зең ба­ста­лар ал­дын­да жы­лы­на 1 рет
Ұй­ым­дар
19.
Оқу топ­та­рын­да­ғы жос­пар­лы са­бақ­тар (ұй­ым­дар­да­ғы бас­шы құ­рам­ның ұсы­на­тын та­қы­ры­бы бой­ын­ша)
Ұй­ым­дар­дың бас­шы құ­ра­мы
Жыл сай­ын
Ұй­ым­дар
20.
Оқу топ­та­рын­да­ғы жос­пар­лы са­бақ­тар (ұй­ым­дар­да­ғы бас­шы құ­рам­ның ұсы­на­тын та­қы­ры­бы бой­ын­ша)
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­ның же­ке құ­ра­мы
Жыл сай­ын
Ұй­ым­дар
21.
Оқу топ­та­рын­да­ғы жос­пар­лы са­бақ­тар (ұй­ым­дар­да­ғы бас­шы құ­рам­ның ұсы­на­тын та­қы­ры­бы бой­ын­ша)
Аза­мат­тық қор­ға­ныс құ­ра­лым­да­ры­на кір­мей­тін ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі
Жыл сай­ын
Ұй­ым­дар
5. Жұ­мыс іс­те­мей­тін ха­лық
22.
Оқу-жат­тығ­у­лар мен ма­шық­та­ну­лар­ға тар­ту.
Оқулық­тар­ды, жады­на­ма­лар­ды, мер­зім­дік бас­па­сөз ма­те­ри­ал­да­рын өзді­гі­нен зер­де­леу, те­ле-, ра­дио бағ­дар­ла­ма­ла­рын кө­ру (тың­дау)
Өн­ді­рі­сте және қыз­мет көр­се­ту са­ла­сын­да жұ­мыс іс­те­мей­тін ха­лық
Тұ­рақ­ты
ТЖМ, ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар
Аббревиатураның толық жазылуы:
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қолданыстағы