О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"
- Атауы (қаз.)
- "Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 919
- Қабылданған күні
- 03.09.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2015 AI74192_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000919
- ЭКБ идентификаторы
- 74192
- Редакция идентификаторы
- AI74192_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:21
0 "Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын any мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы кезінде оның сипаттарын көрсетіп, байланыстың барлық қолжетімді түрлері арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне қажетті ақпаратты дереу ұсынады.
4-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпаратты алған кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес халықты, уәкілетті органның басшылығын, мүдделі орталық, аумақтық және жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етеді.»;
«8-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпарат уақтылы ұсынылмаған кезде жауапты лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.».