Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Қаулы · № 919 · қабылданған 03.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2003-no-50/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 919 ·03.09.2013
12.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 919 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"
Атауы (қаз.)
"Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
919
Қабылданған күні
03.09.2013
Көрсетілген редакция
12.10.2015 AI74192_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300000919
ЭКБ идентификаторы
74192
Редакция идентификаторы
AI74192_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:21

0 "Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын any мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы кезінде оның сипаттарын көрсетіп, байланыстың барлық қолжетімді түрлері арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне қажетті ақпаратты дереу ұсынады.
4-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпаратты алған кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес халықты, уәкілетті органның басшылығын, мүдделі орталық, аумақтық және жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етеді.»;
«8-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпарат уақтылы ұсынылмаған кезде жауапты лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы