О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года N 1282
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 17 января 2004 года N 1282
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1606
- Қабылданған күні
- 06.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2007 AI24691_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U050001606_
- ЭКБ идентификаторы
- 24691
- Редакция идентификаторы
- AI24691_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:33
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1
1. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде:
С санаттарының тобында:
тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының шетел мекемелері";
С-7, С-8, С-9, С-10 және С-11 санаттары "СІМ" деген аббревиатурадан кейін "және шетел мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
Е санаттары тобындағы ескертуде "республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы" деген сөздер "қалалардағы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті