Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2004 года № 863

Қаулы · № 1019 · қабылданған 24.10.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2004-no-863/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2004 года № 863 Күшін жойған Қаулы ·№ 1019 ·24.10.2006
28.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2004 года № 863

Күшін жойған Қаулы ·№ 1019 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2004 года № 863
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1019
Қабылданған күні
24.10.2006
Көрсетілген редакция
28.09.2015 AI30040_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060001019_
ЭКБ идентификаторы
30040
Редакция идентификаторы
AI30040_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:44

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1

1. "Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы N 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 405-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

3 Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 24 қазандағы
N 1019 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 17 тамыздағы
N 863 қаулысымен
бекiтiлген
Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысаны
200_ жылғы "__"____________           N_____   ____________қаласы
Бұдан әрi "Агент" деп аталатын ______________________________
атынан Жарғы негiзiнде әрекет ететiн басқарма төрағасы ____________
__________________ бiр тараптан және бұдан әрi "Сақтандырушы" деп
аталатын __________________________________________ атынан Жарғы,
200 жылғы "___ "________"жалпы сақтандыру" саласы бойынша
сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензия
негiзiнде әрекет ететiн _______________________ екiншi тараптан,
бұдан әрi "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы
шартты жасасты.

1 1. Шарттың мәнi

1

1. Сақтанушылар заңнаманың талаптарын және осы шарт бойынша мiндеттемелердi орындаған жағдайда оған қолайсыз табиғат құбылысының салдарынан туындаған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шеңберiндегi сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыларға белгіленген тәртiппен төленген соманың бiр бөлiгiн Сақтандырушыға өтеу.

2 2. Өзара есеп айырысу тәртiбi мен талаптары

2

2. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды мемлекеттiк қолдау өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалатын бюджет қаражатын бөлу жолымен, қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыларға сақтандыру төлемiнiң елу пайызын өтеу үшiн және агенттiң қызметiне ақы төлеу үшiн жүзеге асырылады.

3 3. Агент Сақтандырушыға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген қаражат есебiнен мына төмендегi барлық жағдайлар басталғанда сақтандыру төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өтеудi жүргiзедi:

сақтандыру жағдайы басталған және өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы шартқа сәйкес Сақтандырушы Сақтанушы алдындағы сақтандыру төлемi бойынша мiндеттемелердi толық орындаған жағдайда;
осы шарттың 4-тармағында көзделген, сақтандыру жағдайының басталуын және Сақтандырушының сақтанушыға нақты жүргiзiлген сақтандыру төлемдерiн растайтын құжаттарды Сақтандырушы мiндеттi түрде ұсынған кезде.

4 4. Жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн Агенттiң өтеуi Сақтандырушыдан мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтiнiш алынған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi:

1 1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

2 2) жүргiзiлген сақтандыру төлемiн растайтын құжаттар (төлем тапсырмасы - түпнұсқа, сақтандырушының мөрiмен куәландырылған шығыс ордерiнiң телнұсқасы);

3 3) сақтандыру төлемiн сот шешiмi бойынша жүзеге асырған жағдайда күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiледi;

4 4) егiс iшiнара жойылған жағдайда сақтандырушы куәландырған бағалау кiрiсiн бағалау туралы құжаттың көшiрмесi.

4-1

4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға осы шарттың 4-тармағында көзделген құжаттардың сәйкессiздiгi анықталған жағдайда көрсетiлген құжаттар сақтандырушыға ескертулердi жою үшiн қайтарылады. Бұл ретте Сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеу мерзiмi Агент құжаттарды қайта алған сәттен бастап есептеледi, бiрақ жетi жұмыс күнiнен аспауы тиiс.

4-2 4-2. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындаудың дұрыстығына жауапты болады.

3 3. Агенттiң құқықтары мен мiндеттерi

5 5. Агенттiң:

1 1) Сақтандырушы Агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған және (немесе) берген жағдайда Сақтандырушыға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартуға;

2 2) Сақтандырушыдан өз құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты, оның iшiнде сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.

6 6. Агент:

1 1) Сақтандырушылар мен сақтанушыларға өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң белгiлi бiр түрiн өндiруге арналған шығындардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормативтерi туралы ақпаратты жеткiзуге;

2 2) қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған өсiмдiк шаруашылығы өнiмi өндiрiлетiн алқаптардың көлемiн анықтау жөнiндегi жұмысты қолайсыз табиғи құбылысы басталған жағдайда комиссия құрамында жүргiзуге мiндеттi.

7 7. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.

4 4. Сақтандырушының құқықтары мен мiндеттерi

8 8. Сақтандырушы осы шарттың талаптарында Агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды қолдау үшiн бөлiнген қаражаттан сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiнiң өтемiн алуға құқылы.

9 9. Сақтандырушы:

1 1) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруды жүргiзу жөнiндегi статистиканы жүргiзу мен жинауға және оны Агентке оның талабы бойынша беруге;

2 2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

3 3) өзi тартқан бағалаушының (тәуелсiз сарапшының) қызметiне ақы төлеуге;

4 4) жүргiзiлген сақтандыру төлемi мен оның мөлшерiне қатысты барлық сот шешiмдерi және (немесе) айқындаулар туралы олар шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде Агенттi хабардар етуге;

5 5) қолайсыз табиғат құбылыстары басталған кезде қолайсыз табиғат құбылыстарының әсерiне ұшыраған алқаптарды анықтау жөнiндегi зерттеулердi жүргiзу үшiн Сақтандырушының өтiнiшi бойынша жергiлiктi атқарушы орган құрған комиссия құрамына өзiнiң өкiлiн жiберуге мiндеттi.

10 10. Сақтандырушы апта сайын Агентке осы шартқа қосымшаға сәйкес электронды және қағаз тасығыштарда мiндеттi сақтандыру шарты жасалған айдан кейiнгi айдың 5-шi күнiнен кешiктiрмей күшiне енген мiндеттi сақтандыру шарттары туралы ақпарат бередi.

11 11. Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен мiндеттерi бар.

5 5. Өзге де шарттар

12 12. Осы шарт бойынша барлық даулар заңнамада белгiленген тәртiппен шешiледi.

13 13. Осы шарт тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiрден екi данада жасалды.

14 14. Шарт тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және оны жасаған күннен бастап он екi ай бойы қолданыста болады.

6 6. Тараптардың деректемелерi

Сақтандырушы: Агент:

39 Облыстар, аудандар, сақтанушылар бөлінісінде күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру/ шарттары туралы ақпарат (________ жылғы жағдайы бойынша)

200__жылғы "__"______ N__
агент пен сақтандырушының
арасында жасалатын
сақтандыру төлемдерін
ішінара өтеу тәртібі мен
талаптары туралы
ақпарат
Облыстар, аудандар, сақтанушылар бөлінісінде күшіне енген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру/ шарттары туралы ақпарат (________ жылғы жағдайы бойынша)

N
Об­лы­стың, аудан­ның, сақ­та­ну­шы­ның ата­уы
Шар­ттың нө­мі­рі және кү­ні
Шарт бой­ын­ша жал­пы сақ­тан­ды­ру сый­лы­ғы­ның со­ма­сы, тең­ге
Шарт бой­ын­ша жал­пы сақ­тан­ды­ру со­ма­сы, тең­ге
Бар­лық сақ­тан­ды­ры­л­ған алаң(га)
Оның ішін­де
Дән­ді
(га)
Май­лы
(га)
Қант­қы­зы­л­ша­сы (га)
Мақ­та (га)
Бар­лы­ғы (га)
Оның ішін­де
Бар­лы­ғы (га)
Оның ішін­де
Да­қыл ата­уы
Да­қыл ата­уы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
2
3
Аудан бой­ын­ша бар­лы­ғы
Об­лыс бой­ын­ша бар­лы­ғы

Қолданыстағы