О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2006 года N 289
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2006 года N 289
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1172
- Қабылданған күні
- 04.12.2007
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2013 AI36005_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P070001172_
- ЭКБ идентификаторы
- 36005
- Редакция идентификаторы
- AI36005_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:43
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. "Мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі N 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мамандығы бойынша жұмысқа кірген кезде бүкіл жұмыс кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылатын ұйымдардың тізбесінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ғарыш саласында, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінде мынадай біліктіліктер бойынша:
инженер (барлық атаулардағы);
лаборант (барлық атаулардағы);
шебер (барлық атаулардағы);
машинист (барлық атаулардағы);
механик (барлық атаулардағы);
монтажник (барлық атаулардағы);
оператор (барлық атаулардағы);
слесарь (барлық атаулардағы);
техник (барлық атаулардағы).".